Түсіндірме сөздіктен бірнеше сөздің тура және ауыспалы мағыналарын табыңдар
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Тілдегі әр сөздің өзіне тән бастапқы мағынасы болады. Бұл мағына тура мағына деп аталады. Алайда сөздер әрдайым тек тура мағынада қолданыла бермейді: тура мағына негізінде туып, дамып, көпшілікке түсінікті ауыспалы (туынды) мағына да қалыптасады.
Тура мағына
Заттың, құбылыстың немесе қимылдың өзін тікелей атайтын бастапқы мағына.
- Зат: аспан, жер, жел, бұлт, орман
- Сапа: биік, жылы, жақсы
- Қимыл: бару, салу, оқу
Ауыспалы мағына
Бір заттың атауыш мағынасы екінші бір затқа ауыстырылып қолданылғанда туындайтын мағына. Бұл — лексикалық мағынаның туынды түрі.
Көз: адамның көру мүшесі (тура) → күннің көзі, бұлақтың көзі (ауыспалы)
Тіл: адамның ағзасы (тура) → ана тілі, орыс тілі (ауыспалы)
Негізгі тұжырымдар
Тура мағына
Сөздің бастапқы, түпкі мағынасы.
Ауыспалы мағына
Тура мағынадан өрбіп, басқа нысанға ауыса қолданылуы.
Сөз мағыналары
Тура мағыналы, ауыспалы мағыналы, көп мағыналы болып бөлінеді.
Мәтіннен мысал
Тынымсыз жүрек таңғы тәтті ұйқыны Рысқұловтан тартып алды. Рысқұлов ақылды, аса ірі де бай мінезді адам еді. Қалың жұрт өзіне қарап қалғанын сезіп, Рысқұлов қатаймақ болды. Бұл — әлі ешкім айтпаған сауал, үлкен жұмбақтың шешуші кілті еді. Сұр жыландай суық сұрақ.
Ш. Мұртаза, “Қызыл жебе”
Жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмасы
Төмендегі тіркестердегі сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолданылғанын ажыратыңдар.
-
Өткір
өткір қайшы, өткір пышақ
өткір ой, өткір мінез
-
Қалың
қалың жемпір, қалың көрпе
қалың ел, қалың ағаш
-
Әдемі
әдемі қыз, әдемі гүл
әдемі әуен, әдемі иіс
Сабақты бекіту
- 41-жаттығу: түсіндірме сөздіктен бірнеше сөздің тура және ауыспалы мағыналарын табыңдар.
- 42-жаттығу: мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
Қорытынды және рефлексия
«Даналық ағашы» ойыны
Оқушылар бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.
«Оқырман көзімен»
Не білдік? Не үйрендік?
Бағалау: сабақ соңында оқушылардың тапсырма орындауы мен белсенділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
44-жаттығу: берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
Күтілетін нәтиже
Оқушы тура және ауыспалы мағынаны ажыратып, дәлелмен түсіндіреді.
Үй жұмысын пысықтауға арналған сұрақтар
- Лексика қандай мағына береді?
- Лексика нені зерттейді?
- Сөз дегеніміз не?
-
Тапсырма
Қартайып барып, қайта жасарған сөзді табыңдар:
Әділдігі болмаса, әкім — ит.
Аяңсыз болса атың — ит.