Есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырату
Сабақтың тақырыбы
Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Карточкамен жұмыс
- Талдау
- Практикалық тапсырмалар
- Проблемалық жағдаят
- Қайталау, іздендіру
- Шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
- Кестелер мен сызбалар
- Карточкалар
- Проектор
- Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың есімдіктен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, жүйелеу және қорытындылау; теориялық білімді практикалық тапсырмалармен ұштастыру.
Дамытушылық
Тапқырлық пен ізденімпаздықты, танымдық қабілеттерді дамыту; шығармашылыққа баулу; өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ана тілінің заңдылықтарын құрметтеуге үйрету; пәнге қызығушылықты арттыру; адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу, түгендеу
Оқушылармен амандасу және қатысымын тексеру.
ә) Психологиялық дайындық («Шаттық шеңбері»)
Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір-бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір-біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)
Слайдтағы үзінді
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Өткенді еске түсіру (сан есімдер арқылы)
Оқушылар алдыңғы сабақта өткен сан есімдерді қайталайды: екі бүтін оннан үш, жетеу, бес-алтыдан, жүз отыз бесінші, жүздеген, екі жүз жетпіс.
Осы тапсырма арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылып, мақсаттары бірге айқындалады.
II. Үй жұмысын тексеру
«Сұраймын, жауап бер» форматы бойынша оқушылар постер арқылы жинаған қосымша мәліметтерін қорғайды.
1-қатар
Есімдікті зерттеген ғалымдар.
2-қатар
Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктердің қазақ тіліндегі есімдіктерден айырмашылығы.
3-қатар
Есімдік туралы жалпы түсінік.
III. «Кім тапқыр?» ойыны
Берілген өлең жолдары мен сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін табу.
- Оқу-білім – бәрі де оқуменен табылған.
- Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
- Солардың қолы жеткен заманында, жолдас болып шеп бұзған қамалында.
- Бұл оқиғадан туындаған жайлар ешқашан ұмытылмас өмір дастаны тәрізденеді.
- Неге екенін білмеймін, Алматының әсем көркіне өз басым тойып көрген емеспін.
- Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
- Мынау не сарқыраған? Қалайша сарқылмаған?
IV. Кітаппен жұмыс
1-қатар: 213-жаттығу
Берілген есімдіктердің қандай түбірлерден бірігіп тұрғанын ажырату және фонетикалық талдау жасау.
Тізім
Әрқашан, әркім, әлдеқалай, қайсыбір, бірнеше, кейбіреу, ешбір, әрқалай, әлдекім, ешкім, әлдене, ешқандай, ешқашан.
Үлгі талдау: «Әрқашан»
- Әріп/дыбыс: 7 әріп, 7 дыбыс
- Буын: 3 буын (әр — тұйық, қа — ашық, шан — бітеу)
- Тасымал: 2 (әр-қашан, әрқа-шан)
Дыбыстық мінездеме
- ә — дауысты, жіңішке, ашық, езулік
- р — дауыссыз, үнді
- қ — дауыссыз, қатаң
- а — дауысты, жуан, ашық, езулік
- ш — дауыссыз, қатаң
- а — дауысты, жуан, ашық, езулік
- н — дауыссыз, үнді
2-қатар: Мақал-мәтелдермен жұмыс
Мақал-мәтелдердегі бос орынға тиісті есімдіктерді қойып, орысша және ағылшынша аудару.
Керекті сөздер
1) Біреу тойып секіреді, біреу тонып секіреді.
біреу — кто-то — somebody
2) Ел — елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
бәрі — все — everything
өз — свой — its
3) Сіз деген — әдеп, біз деген — көмек.
сіз — вы — you
біз — мы — we
4) Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызынан ешқашан құтыла алмайсың.
ешқашан — никогда — never
3-қатар: Тіл дамыту
- Жұмбақ: шешу және жауабын дәлелдеу.
- Жаңылтпаш: жылдам әрі дұрыс айту.
- Талдау: есімдіктердің мағыналық түрлерін ажырату.
Негізгі ой
Жүйелеу
Есімдік туралы білімді жинақтап, бірізге түсіру.
Қолдану
Теорияны ойын, мәтін және талдау арқылы практикамен байланыстыру.
Тіл мәдениеті
Ойды анық жеткізу, әдепті қарым-қатынас пен тілге құрмет қалыптастыру.