Уәли ауылы
Сабақтың тақырыбы
Сапарғалин Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Шоқан Уәлихановтың балалық шағын және өскен ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсіндіру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.
Дамытушылық
Оқушының еркін ойлауын оятып, шығармашылық белсенділігін арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.
Тәрбиелік
Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Патриоттыққа баулу және этнографиялық танымды кеңейту.
Сабақтың түрі
Қорытынды «саяхат сабақ».
Пәнаралық байланыс
- Тарих
- География
- Қазақ тілі
Оқыту әдістері мен тәсілдері
Көрнекіліктер
- 1. Шоқан Уәлихановтың портреті
- 2. Шоқанға арналған бүктеме
- 3. Шоқан салған суреттер
- 4. Шоқан жасаған карта
- 5. «Саяхат картасы»
- 6. Салыстыру кестесі
- 7. Қима қағаздар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- 1. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.
- 2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын «саяхат» барысында сұрау
Сабақ құрылымы бірнеше «аялдамадан» тұрады. Әр аялдамада сұрақтар қойылып, талқылау мен толықтыру жұмыстары жүргізіледі.
1-аялдама — «Шоқан ауылы»
Ізденіс тапсырмасы бойынша сұрау
- Шоқан Уәлиханов кім?
- Шоқан Уәлиханов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
- Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?
- Шоқан Уәлиханов қай жылдары, қай жерлерде білім алды?
- Шоқанның шын, толық аты кім? Неліктен «Шоқан» аталып кеткен?
- Шоқан туралы қандай шығармаларды білесіңдер? Авторы кім?
- «Бала Шоқан» әңгімесінің авторы кім? Ол туралы не айта аласыңдар?
2-аялдама — «Зейнеп ауылы»
Талдау және деректермен толықтыру
- Зейнеп кім? Қандай адам болған? Әңгімеде ол қалай көрінеді?
- Бұл аялдамада Шоқан туралы деректер мұғалімнің көмегімен толықтырылады, оқушылар да белсенді қатысады: Шоқанның салған суреттері, саятшылық қыры сөз болады.
- Шоқанның Географиялық қоғамға тұңғыш мүшелердің бірі болғаны айтылады. Тектік сабақтастыққа назар аударылады: Абылай хан — Уәли — Шыңғыс — Шоқан.
3-аялдама — «Шыңғыс ауылы»
Әңгімеге талдау, топтық жұмыс
- Шыңғыс кім? Қандай адам болған? Шоқан тәрбиесіне қалай көңіл бөлген? Әңгімеде Шоқан мен әкесінің сыйластығы қай қырынан көрінеді?
- Оқушылар әңгімеге талдау жасап, Шоқан бойындағы қасиеттерді өздігінен анықтайды (тақтамен жұмыс).
I топтың тапсырмасы
Шоқанның бойындағы асыл қасиеттерді теріп жазыңдар.
II топтың тапсырмасы
Шоқанның мысыққа жасаған жақсылығын теріп жазыңдар.
- Мысықты үйіне ертіп апарды.
- Жақыптан қорғады.
- Үрейін басты.
- Тамақ берді.
- Киімін бергізді.
- Уәдесінде тұрды.
- Мысықтың еңбегін бағалады.
4-аялдама — «Айғаным ауылы»
Салыстыру жұмысы
- Айғаным кім?
-
Шоқан мен Жақыптың іс-әрекеттері арқылы мінездерін салыстыру (Венн диаграммасы).
Шоқан
Мейірім, қамқорлық, әділдік қырына назар аударту.
Жақып
Іс-әрекет мотивін, мінездегі ерекшелікті дәлелмен талдату.
5-аялдама — «Уәли ауылы»
Оқулықпен жұмыс
- Уәли кім? Мазмұнын кеңірек әңгімелеу, нақтылау сұрақтары.
- Жеке жұмыс: «Шоқанның маған ұнайтын қасиеттері» тақырыбында ой қорыту.
6-аялдама — «Абылай ауылы»
Қорытындылау
- Абылай хан туралы қысқаша түсінік беру.
-
Дәптермен жұмыс (топпен): «Екі түрлі түсініктеме күнделігі».
Әңгімеден қатты әсер еткен тұс
Оқиға/үзінді/әрекетті таңдап, қысқаша жазу.
Пікірің
Нені еске түсіреді? Қандай ой тудырды? Неге маңызды?
Қорытынды бөлім
VIII. Үй тапсырмасы
Әңгіме мазмұны бойынша жинақтау сұрақтарына дайындалу және Шоқан тұлғасына қатысты қосымша дерек қарастыру.
IX. Бағалау
Топтық және жеке жұмыстардың орындалуы, талдау сапасы, жауап нақтылығы бойынша бағалау.
Рефлексия
«Мен бүгін нені түсіндім?», «Қай тапсырма ойландырды?» сұрақтары арқылы қысқа кері байланыс.