Үшінші аялдама
Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты
- Балаларды 8 саны және 8 цифрымен таныстыру.
- Сандарды тура және кері санауды пысықтау.
- Ой-өрісін, ойлау қабілетін және математикалық тілін дамыту.
- Ізденімпаздыққа, өз ойын анық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Қысқаша құрылым
- I.Шаттық шеңбері
- II.Әңгімелесу және санауды қайталау
- III.Жаңа сабақ: 8 саны мен цифры
- IV.Ойындар мен бекіту тапсырмалары
- V.Қорытындылау
I. Шаттық шеңбері
Өлең жолдары
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
II. Әңгімелесу
Сұрақ-жауап
- Тәрбиеші:
- Балалар, сендер пойызға мініп көрдіңдер ме?
- Балалар: Иә, мініп көрдік.
- Тәрбиеші:
- Пойызға мінген ұнай ма?
- Балалар: Әрине, ұнайды.
- Тәрбиеші:
- Бос уақыттарыңда теледидар көресіңдер. «Ғажайыпстанға саяхат» мультфильмімен де жақсы таныссыңдар. Осы мультфильмдегі басты кейіпкерлер кімдер?
- Балалар: Елдос пен Аяжан.
- Тәрбиеші:
- Елдос пен Аяжан сендермен амандасады. Онымен бірге Ғажайыпстанға саяхатқа шыққыларың келе ме?
- Балалар: Иә, шыққымыз келеді.
Тапсырма: тура және кері санау
Елдос пен Аяжан саяхатқа бірге шығу үшін тапсырма ұсынады. Дұрыс орындасаңдар, сендерді де өздерімен бірге алып шығады.
Тура санау
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
Кері санау
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
Нәтиже: Балалар дұрыс жауап берді. «Дайынсыңдар ма? Кеттік ендеше, саяхатқа!»
III. Жаңа сабақ: 8 саны мен цифры
1-аялдама: Маржан
Көрнекілікпен жұмысМаржан балаларға суреттер бойынша тапсырма береді. Балалар заттарды атап, әр заттың қасына тиісті цифрды жазады.
Суреттердегі заттар
- Тостаған
- Ойыншық машина
- Алма
- Теннис шары
- Қарындаш
- Мойын орағыш
- Текше
- Желім
- Теннис қалақшасы
Тәрбиеші текшелерді санату арқылы 8 санын шығарып, оның цифрымен таныстырады.
Қосымша сұрақтар
- Суретте қандай заттар бейнеленген?
- Заттардың тобын атаңдар.
2-аялдама: Айдар
Талдау және топтауАйдар балаларға күрделірек тапсырма ұсынады. Балалар мұқият ойланып орындайды.
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Ойын: «Қонжыққа көмектесейік!»
Ойынның шарты:
- 1)Әр сөреде неше қыш құмыра барын анықтау.
- 2)Құмыраларды суреті бойынша, сондай-ақ түсі мен пішіні бойынша топқа бөлу.
- 3)Пішіні бірдей қыш құмыраларды анықтау.
- 4)Сөредегі бос орынға қандай құмыраны қою керектігін тауып, жапсыру жұмысын орындау.
3-аялдама: Құлыншақ
Жазылым және ойынДәптермен жұмыс
Әліппе-дәптердегі 8 цифрын үзік сызықтар арқылы бастырып жазады. 8 санының неге ұқсайтынын айтып, ауада жазып көрсетеді.
Ойын: «Адасқан сандар»
Ойынның шарты: балаларға 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 деп жазылған түрлі-түсті шарлар таратылады. Белгі берілген кезде балалар қолдарындағы шарларды ұстап, ретімен тізіліп тұруы керек.
IV. Сабақты қорытындылау
Қорытынды сұрақтар
-
Сұрақ
Бүгінгі сабақта қайда саяхатқа шықтық?
-
Сұрақ
Қандай санмен таныстық?
-
Сұрақ
8 санының құрамын кім айтады?
Қорытынды: Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.