Балалар мынау үшбұрыш пішіні
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы
Пирамида құрастыру (үшбұрыш)
Білім беру саласы
Таным
Тарауы
Қарапайым математика
Әдіс-тәсілдері
Көрсету, айту, түсіндіру
Көрнекілігі
- Пирамида суреті
- Үшбұрыш пішіні
Сөздік жұмыс
Пирамида
Билингвальды компонент
пішін — фигура
Мақсаты
Білімділік
Балаларға пирамида туралы түсінік беру, үшбұрышпен таныстыру және пішіндерден пирамида құрастыруға үйрету.
Дамытушылық
Балалардың ойлау қабілеті мен есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Танымды ояту
а) Шаттық шеңбері: Күнмен амандасу
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, күнмен амандасу арқылы сыпайылыққа баулу.
б) Назарды сабаққа аударту
Балалардың көңілін жинақтап, бүгінгі тапсырмаларға қызығушылығын арттыру.
2) Ұйымдастыру — іздестіру
Өткен пішіндерді еске түсіру
-
Төртбұрыш
Неліктен оны төртбұрыш деп атаймыз?
-
Дөңгелек
Неліктен ол дөңгелек?
-
Тік төртбұрыш
Төртбұрыштан айырмашылығы неде?
Жаңа пішін: Үшбұрыш
Балалар, мынау — үшбұрыш пішіні.
Үшбұрыш деп аталу себебі — оның үш бұрышы бар. Саусақпен жүргізіп, бұрыштарын санайық: біреу, екеу, үшеу.
Күнделікті ойнап жүрген ойыншығымыз — пирамида. Пирамида деп аталу себебі: астыңғы жағы жалпақ, ал үсті жіңішке болып келеді. Пирамиданың бейнесі үшбұрышқа ұқсайды.
Сергіту сәті
Қызыл, жасыл, сары, көк —
Алуан-алуан пішіндер.
Ал, қанекей, балақан,
Тап үшбұрыш ішінен!
Пирамиданы құрастыру
1-қадам
Пирамиданың ең астына қандай дөңгелек қоямыз? Үлкен
2-қадам
Оның үстіне қандай дөңгелек қоямыз? Орташа
3-қадам
Ең үстіне қандай дөңгелек қоямыз? Кішкентай
Өте жақсы! Енді балалар, келіп өздерің реті бойынша пирамиданы құрастырыңдар.
Ойын: «Қай зат артық?»
Мақсаты
Балалардың алған білімдерін бекіту және ойлау қабілетін дамыту.
Шарты
Үшбұрыш пішінді заттардың арасына дөңгелек пішінді бір затты қойып, қайсысы артық екенін тапқызу.
3) Қорытынды
Сұрақ
Сабақ сендерге ұнады ма?
Сұрақ
Біз бүгін қандай пішінмен таныстық?
Үшбұрыш
Сұрақ
Үшбұрыштан не құрастырдық?
Пирамида
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Үшбұрыш пішінін ажырата білу.
Болу керек
Сабаққа қызығушылығы болуы.
Істей білу керек
Пирамиданы ретімен құрастыра білу.
Тәрбиеші
Умарова Гүлім