ШАҚЫРУ стратегиясы

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Әдебиеттік оқу (2-сынып)

Тақырып

Бердібек Соқпақбаев: «Шынықсын денеміз»

Ресурстар

  • Әдебиеттік оқу оқулығы (Атамұра, 2013)
  • АКТ
  • Суреттер мен кестелер
  • Интернет материалдары

Мақсат пен күтілетін нәтижелер

Жалпы мақсат

Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.

Міндеттер

  • Салауатты өмір салтының маңызды бөлігі — денені шынықтыру туралы түсінік қалыптастыру.
  • Шығармашылық жұмысқа ынталандырып, сөздік қорын молайту; өз ойын жинақтап, жүйелі түрде қорытындылай білу дағдыларын дамыту.
  • Табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

  • 1 Өлеңнің идеясын түсінеді.
  • 2 Қысқы ойын түрлерін атайды және сипаттайды.
  • 3 Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қолданады.

Негізгі идея

Қыс мезгіліндегі белсенділік пен шынығу — денсаулықты нығайтудың тиімді жолы.

Қолданылатын стратегиялар

«Ой шақыру»

Ассоциация құру арқылы тақырыпты ашу.

«Автордың орындығы»

Оқушыны сөйлету, ойды дәлелдеп айтуға үйрету.

«Сезімнен шыққан өлең»

Эмоциялық қабылдауды күшейтіп, шығармашылық жауап жазу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және психологиялық дайындық

Мұғалім оқушыларды сабаққа жұмылдырады, жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Бір, екі, үш — Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Бір-біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз!

Топқа бөлу

Әріптер арқылы топтарға бөлінеді: Қ, Ы, С.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріледі.

  1. 1) «Киген тоны — оңды тон, өңді тон.»

    Жаңылтпашта қандай киім туралы айтылған?

  2. 2) Суретпен жұмыс

    Суретте кімдер бейнеленген?

  3. 3) Мазмұндау

    Мәтіннен түсінгеніңді айтып бер.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Жұмбақтар (3 топ)

  • 1-топ

    Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

  • 2-топ

    Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз)

  • 3-топ

    Есіктен кіреді еңкейіп, төрге шығады қампайып. (Аяз)

«Ой шақыру» стратегиясы

Ассоциация құрып, қыс туралы білімді өзектендіру.

1-топ: «Қыс» ассоциациясы

  • Аяз болады
  • Күн қысқарады
  • Қар жауады
  • Боран соғады
  • Көлдерде мұз қатады

2-топ: Суретпен жұмыс

Қысқы көрініске қарап, негізгі белгілерін атау.

3-топ: Әңгіме құрастыру

«Балалар, аяз, жылы, қар, тепті, шаңғы, шана, сырғанақ, боран» сөздерін қолданып, қыс туралы әңгімелеу.

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Өлеңмен жұмыс

Бердібек Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңін оқып, мазмұнын талдаймыз, негізгі идеясын анықтаймыз.

Сөздік жұмысы

Тірек сөздер: құрыштай, құрыспай, биялай, малақай, қонышы.

Тапсырма: берілген сөздерді белгілеп, суреттермен сәйкестендіру.

Дәптермен жұмыс

Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазу.

«Автордың орындығы» стратегиясы

Топтар қысқы спорт құралдарына байланысты жұмбақтарды оқып, жауабын дәлелдеп айтады.

1-топ

Табаныма байладым, Қос аяқпен айдадым.

Жауабы: шаңғы

2-топ

Зулап түсіп төменге, Шықпас менсіз төбеге.

Жауабы: шана

3-топ

Табанға тақтым, Жалпаң қақтым, Зырлап бақтым.

Жауабы: коньки