Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
Топырақ
Топырақ — жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты. Оның басты құндылығы — құнарлылығында.
Мақсаты
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі мен құрамы туралы жүйелі мәлімет беру, тау жыныстарынан айырмашылығын түсіндіру.
Міндеттері
- Топырақтың ерекшелігі мен құрамын меңгерту, тау жынысынан айырмашылығын анықтату.
- Дүниетанымды, сөйлеу тілін және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Табиғатты сүюге, қорғауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсіл
БжС технологиясы, «Ауызша сабақ – 2» картасы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Үй жұмысы тексерілмейді: бұл — жаңа тақырып, ал алдыңғы тақырып аяқталған және қосымша түйсінуді талап етпейді.
- Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі.
- Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі (ООМ бойынша жұмыс).
2) Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру
Ереже
«Ауызша сабақ – 1» картасының ережесіне сай 7, 14 немесе 21 сөз санын таңдау.
Негізгі мазмұн
Бүгінгі сабақта топырақтың ерекшелігі мен құрамы қарастырылады. Топырақтың тау жынысынан басты айырмашылығы — құнарлылығында. Таза тау жынысында өсімдік өспейді. Топырақ бірнеше бөліктерден тұрады.
Тірек сөздермен жұмыс
Оқушылар мәтінді 4 минут ішінде назар салып оқиды да, ішінен тірек сөздерді анықтайды. Мұғалімнің рұқсатымен оқушылар тапқан сөздерін айтады. Бір ғана сөз тапқан оқушы да белгі алады — мақсат: барлық оқушының тірек сөз табуы.
Уақыты: 3–4 минут. Белгілеу: қосу/алу. Біріншілік белгілеу.
Мысал тірек сөздер:
3) Қабылдауды ұйымдастыру (есте сақтау)
Норматив
- 7 сөз
- 30 сек
- 14 сөз
- 1 мин 15 сек
- 21 сөз
- 2 мин 30 сек
Өткізу тәртібі
- 1 Кілтті сөздер тақтада көрсетіледі, оқушылар берілген уақыт ішінде жаттайды.
- 2 Уақыт аяқталған соң сөздер жабылады.
- 3 Оқушылар сол уақыт аралығындай мерзім ішінде сөздерді жады бойынша қайта жаңғыртады.
- 4 Сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Нормаға сай жауап берген оқушыға ООМ ұяшығына екінші қосу белгісі қойылады (екіншілік белгілеу).
Ереже: жады бойынша рұқсат — бір сөз кем.
4) Ұғынуды ұйымдастыру (қарама-қарсы сұрақтар)
Сұрақтар
- Өзеннің, көлдің жағасында не кездеседі?
- Таза тау жынысында не өседі?
- Өзен жағасында иінтіресіп өсетін не?
- Өсімдіктің қаулап өсуі үшін топырақ қандай болуы керек?
- Топырақтың беткі қабатының түсі қандай?
- Оған не араласқан?
- Шымды қабатын не шырмап жатыр?
- Өсімдік тамырынан басқа нені көруге болады?
- Тереңдеген сайын өсімдік тамыры көбейе ме?
- Төменгі қабатында не кездеседі?
- Топырақтың құнарлы қабаты қалай аталады?
- Өсімдік қоректік заттарды не арқылы сіңіреді?
- Күн сәулесі өсімдікке қажет пе?
- Өсімдіктермен нелер қоректенеді?
- Шіріндіге нелер айналады?
- Топырақта нелер өзгеріске түседі?
- Құнарлы қарашірік қалай пайда болады?
- Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы неде?
- Топырақ деген не?
- Топырақ қалай түзіледі?
- Өсімдіктің өсіп-жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет?
Үшіншілік белгілеу жүргізіледі.
Негізгі жауаптар (іріктеме)
- Өзен жағасында: тал, шілік, қалың шөп кездеседі.
- Таза тау жынысында: өсімдік өспейді.
- Құнарлы топырақ: өсімдік жақсы өсіп, қаулап дамиды.
- Беткі қабаттың түсі: қоңыр.
- Араласатын заттар: қураған жапырақ, ағаштың ұсақ қалдықтары.
- Шымды қабат: өсімдік тамырларымен шырмаланып жатады.
- Тамыр маңында: бунақденелілер және олардың дернәсілдері кездеседі.
- Тереңдеген сайын: өсімдік тамыры азая түседі.
- Төменгі қабат: тау жыныстары.
- Құнарлы қабат: қарашірік.
- Қарашіріктің пайда болуы: өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтарынан.
- Өсіп-жетілу шарттары: ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз.
- Топырақ анықтамасы: жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты.
Еске салу
Топырақтың тау жынысынан басты айырмашылығы — құнарлылығы. Құнарлылық өсімдік тіршілігі үшін негізгі шарттардың бірі.
5) Түсінудің біріншілік тексеруі (өзара тестілеу)
Ұйымдастыру
Оқушылар бірін-бірі тестілеу арқылы тексереді: бір нұсқа тест тапсырмаларын құрастырады, екінші нұсқа жауап береді. Сұрау «орынға отырғызу матрицасы» арқылы, басқа оқушының сайт нөмірін айту арқылы жүргізіледі.
Төртінші белгілеу жүргізіледі.
Назар аударатын дағдылар
- Сұрақты нақты құрастыру.
- Терминдерді дұрыс қолдану (топырақ, қарашірік, құнарлылық, тау жынысы).
- Қысқа әрі дәл жауап беру.
6) Біріншілік бекіту (ТСҚ тексеру)
Уақыт
5 минут
Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) тексеріледі. Барлық оқушылардың нәтижесіне қарай қосу немесе алу белгілері қойылады.
Бесінші белгілеу жүргізіледі.
ТСҚ үлгі сөздері
7) Талдау
- Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
- Нәтижеге сүйене отырып, осы тақырып бойынша келесі жұмыс уақыты болжанады.
8) Түйсіну
Мұғалім тақырыптың аяқталу деңгейін тағы бір бағамдап, «Ауызша сабақ – 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін түсіндіреді.
9) Бағалау
Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүргізіледі:
4–5 белгі
5 ұпай
3 белгі
4 ұпай
2 белгі
3 ұпай
1 белгі
2 ұпай
10) Үй тапсырмасы
4 белгіден кем алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.