Қазақстан жайында әңгіме жүргізу, өлеңді талдау
Оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық карта
Бұл материал ересек топтарымен өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған. Мақсаты — балаларға білімнің маңызын түсіндіру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту және Отанға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Білім беру саласы:
Әлеуметтік орта
Кіші сала:
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:
Менің балабақшам
Мақсаттары
- Білім туралы мағлұмат беру, оқу мен білімнің құндылығын түсіндіру.
- Сөздік қорды молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
- Егемен ел Қазақстан туралы түсінік қалыптастырып, ой-өрісін кеңейту.
- Өз Отанын сүюге, қастерлеуге баулу және елге деген қызығушылықты арттыру.
Билингвальді компонент
Отан
Родина
Тәуелсіздік
Независимость
Білім
Знание
Сабақ барысы
Оқу іс-әрекеті балалардың көңіл күйін көтеруден басталып, Қазақстан туралы әңгімелеу, Білім күні туралы түсіндіру, сергіту және сюрприздік сәт арқылы жалғасады.
Жылулық шеңбері
Армысың ба, Алтын күн!
Армысың ба, Жер-ана!
Армысың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанамын.
Өлең оқу және талдау
Алтай – Жайық арасы,
Жарты әлемдей даласы.
Ол – біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеу-ақ,
Отан біздің біреу-ақ.
Ол біздің – Қазақстан!
Тәрбиеші өлең мазмұны бойынша сұрақ қойып, балалармен бірге Қазақстан туралы әңгіме жүргізеді: туған жердің кеңдігі, бірлігі және қадірі туралы ой бөліседі.
Кіріспе әңгіме: 1 қыркүйек — Білім күні
Балалар, 1 қыркүйек — Білім күні. Сендер алғаш рет балабақша табалдырығын аттап, білім алуды бастап отырсыңдар. Кейін мектеп табалдырығын аттап, оқу нәрімен сусындап, білім бұлағынан нәр алып, үлкен азамат болып өсесіңдер.
«Оқу — білім азығы» дегендей, оқу бар жерде білім де бар. Бұл екеуі әрдайым қатар жүреді.
Сергіту сәті: Алғашқы қоңырау
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтте әсем мектепке қадам басуды білдіретін алғашқы қоңырау соғылады. Сол қоңыраудың үні әр баланың жүрегінде ұзақ сақталады.
Сюрприздік сәт: Айгүлдің келуі
Қонаққа қолында қоңырауы бар Айгүл есімді қыз келеді. Ол өзін 3-сынып оқушысы ретінде таныстырып, балабақшада алған білімінің мектепке жол ашқанын айтады.
Айгүл: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Айгүл. Мен де сендер сияқты балабақшада апайлардан білім алып, кейін мектепке бардым. Үлкен азамат болғым келеді. Қолымдағы — қоңырау. Оны сабақ басталар алдында соғады. Қоңырау үнін естігенде балалар сабаққа кіреді».
Айгүл: «Мен бұл қоңырауды сендерге сыйлағым келеді. Бірақ сендер маған тақпақ айтып беріңдер: туған жер, Қазақстан, Отан туралы. Сондай-ақ мақал-мәтелдер айтыңдар».
Тәрбиеші балаларға Отанды сүю, қадірлеу, туған жерге жанашыр болу керектігін түсіндіреді және балаларды отансүйгіштікке баулиды.
Қорытынды
- Бүгін біз қандай тақырып туралы әңгімелестік?
- Айгүл бізге қандай сыйлық қалдырды?
Балалар, Айгүлге алғыс айтамыз. Ол сыйлаған қоңырауды ұқыпты ұстап, қадірлейік. Бүгінгі сабаққа бәріміз белсенді қатыстық. Рахмет!