Оқушылардың білімдерін пысықтау
«Зерде» интеллектуалдық ойыны — оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға, интеллектуалды, өнерлі, жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын тұлға болып қалыптасуына бағытталған сайыс. Іс-шара барысында оқушылардың білімдері пысықталып, алған білімін саралау дағдысы жетілдіріледі, оқу іс-әрекетіне қызығушылығы артады.
Көрнекілігі
Түрлі тапсырмалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер және слайд материалдары.
Түрі
Сайыс.
Бағалау
Әр бөлімде ұпай жинау арқылы бағаланады; жылдамдық пен белсенділік ескеріледі.
Сайыстың өту барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! «Зерде» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын сайыс түрінде өтеді.
Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық!
Бүгін сайыс төріне,
Есеп шешіп таласып,
Жұмбақ айтып аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Кең пейілді жігермен,
Келді міне көп білген!
Ендеше, жеңіс менікі деп ұмтылған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық!
Әділқазылар алқасы
Енді сайыскерлердің білімі мен өнеріне әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысамыз. Сайыс барысында әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға өзгелерден бұрын ойланып, дәл жауап беру қажет.
Жоспар: 3 бөлім
I бөлім — «Ғажайып жетілік»
Апта күндерін таңдап, сәйкес ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
II бөлім — «Дода»
Пән атаулары жазылған ұяшықтарды таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап беру. Ойлануға уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
III бөлім — «Бәйге»
Жұмбақ шешу және мақал-мәтелді жалғастыру арқылы жылдамдық пен тапқырлықты көрсету.
I бөлім — «Ғажайып жетілік»
Жүргізуші: «Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп. Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп. Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ақ; дүниенің бар тұлғасы есеп десек…» — деп, бұл бөлімде әр қатысушы таңдаған апта күні бойынша сұрақтарға жауап береді.
Дүйсенбі
- Кеңістікті қалай бағдарлаймыз?
- 1-ден 10-ға дейін өсу ретімен сана.
Сейсенбі
- Заттарды өлшемі бойынша қалай салыстырамыз?
- 1-ден 10-ға дейін кему ретімен сана.
Сәрсенбі
- 10-ға дейін реттік сана.
- 5 санының көршілерін тап.
Бейсенбі
- 12 санынан кейін қандай сан тұрады деп ойлайсың?
- Қандай сандарды екі таңбалы сандар дейміз?
Жұма
- Салыстырудың қандай тәсілдерін білесің?
- 10 және 11 сандарын салыстыр.
Сенбі
- 1 аптада неше күн бар?
- 1-ден 20-ға дейін өсу ретімен сана.
Жексенбі
- 1-ден 10-ға дейін ретімен сана.
- 15 және 19 сандарын салыстыр.
II бөлім — «Дода»
Жүргізуші: «Бүгінгі күн сайыста, ешкімнен сен қалыспа. Білімі кімнің көп болса, сол озады сайыста…» — дегендей, бұл бөлімде қатысушылар пән атаулары жазылған ұяшықтарды таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап береді. Ойлануға уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1-кітап
- 1.Сөйлемнің неше түрі бар? — 3 түрі бар.
- 2.«Бақа» сөзінде неше буын бар? — 2 буын.
2-кітап
- 1.Дыбысты нешеге бөлеміз? — дауысты, дауыссыз.
- 2.«А» дыбысы қандай дыбыс? — дауысты, жуан.
3-кітап
- 1.Сөз дегеніміз не?
- 2.«Н» дыбысы қандай дыбыс?
4-кітап
- 1.Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін айтып бер.
- 2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.
5-кітап
- 1.Қандай мамандық иелерін білесің?
- 2.Отбасы мүшелерін ата.
6-кітап
- 1.Оқуға қажетті құралдарды ата.
- 2.Дене тазалығы үшін қандай заттар қажет?
III бөлім — «Бәйге»
Жұмбақтар
-
Сансыз ойлар бетімде, сайрап жатыр бар тілде. Керекпін мен әр күнде, өшпейді бір әрпім де.
Жауабы: кітап
-
Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.
Жауабы: қалам
-
Қате жазып жаңылсаң, тазалайды ол бәрін.
Жауабы: өшіргіш
-
Өзі тас, өзі ақ. Дәмін татсаң ащы-ақ.
Жауабы: тұз
-
Арқама асамын, мектепке асығамын.
Жауабы: сөмке
-
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап
Мақал-мәтелді жалғастыр
- Еңбек адамды өсіреді, жалқаулық адамды өшіреді.
- Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын.
- Кітап — асыл дос.
- Мектебім — алтын бесігім.
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Қорытынды
Жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Әділқазы, сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.