Туған күнің құтты болсын, балақай
Ертеңгілік сценарийі
Туған күнің құтты болсын, балақай! Бұл мерекелік ертеңгілік балалардың туған күн туралы түсінігін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлауға, жақсы тілектер айтуға үйретеді. Сонымен бірге сөздік қорын молайтып, мейірімділікке, ауызбіршілікке және достыққа тәрбиелеуді көздейді.
Ойын-сауықтың басталуы
Күндей жадырап, айдай арайлап, судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастаймыз!
Жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Қане, келген қонақтармен амандасайық.
Балалар
Сәлеметсіздер ме!
Жүргізуші: Алақай-ау, алақай! Айтыңдаршы, балақай: балабақшамызда бүгін туған күні кімнің?
Толысады ойымыз, азаяды ойынымыз — өйткені біз күн санап өсіп келе жатырмыз.
Туған күн иелерін қарсы алу
Туған күн иелерін төрге шақырып, орындыққа отырғызамыз. Қане, балалар, бәріміз қол шапалақтап, қошемет көрсетейік!
Бүгінгі туған күн иелері
Бүгін біздің сүйкімді қыздарымыз — Аяулым, Жансая, Дильназ — 4 жасқа толып отыр.
Балалар
Туған күндерің құтты болсын!
Жүргізуші: Құтты болсын бүгінгі туған күнің! Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің. Жасыңа жас қосылып өсе берші, өмір саған әрқашан төксін нұрын.
Туған күн жылына бір рет келеді. Бұл күні адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, оған жылы тілектер айтылады, сыйлықтар беріледі.
Ендеше, біз де достарымызды құттықтап, арнау тақпақтарымызды айтып берейік.
Құттықтау тақпақтары
Топ
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз!
Нүрпейіс
Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз, данамыз.
Достардың туған күнін
Бірге қарсы аламыз.
Ерлан
Қуанышы баланың —
Қуанышы ананың.
Бәрімізге мереке!
Ән мен би
Жүргізуші: Келесі әніміз балаларымыздың аяулы аналарына арналады — «Аяулы анашым».
Жүргізуші: Біздің Балжан мен Назерке қызымыздың орындауында «Ламбада» биін тамашалаңыздар.
Флешмоб биі: Балалар және ата-аналар бірге билейді.
Қонақ кейіпкерлер келеді
Балалар, тыңдаңдаршы — бізге қонақтар келе жатыр!
Қолтырауын Гена
Сәлем, достар! Мен құттықтаушы болдым. Қасымдағы достарымды танисыңдар ма? Бұл — біздің сүйікті мерекеміз.
Қалқанқұлақ
Балалар, көңіл көтергілерің келе ме?
Шапокляк
Мен сендердің туған күн мерекелеріңді естіп келдім… бірақ осы мерекені бұзғым келіп тұр!
Балалар: Әрине!
Барлығы ортаға шығып, бір-бірінің белінен ұстап «Паровоз» ойынын ойнайды. Ойынға ата-аналар да қатысады.
Құттықтау өлеңдері жалғасады
Туған күні достардың —
Зор қуаныш көреміз.
Ортаға алып би билеп,
Ән де салып береміз.
Туған күнді тойлаймыз,
Қызықты ойын ойнаймыз.
Қолдан жасап ойыншық,
Досымызға сыйлаймыз.
«Жоғалған торт» және сиқыр
Жүргізуші
Балалар, аспазшымыздың көңіл күйі жоқ сияқты. Не болғанын сұрайықшы?
Аспазшы
Балақайлар, туған күндерің құтты болсын!
Бірақ менің көңіл күйім жоқ… Сендерге арнаған тортым бар еді, соны жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Онда көмекке кімді шақырсақ екен? Анау келе жатқан кім болды екен? Ой, бұл — сиқыршы Алладин!
Сиқыршы Алладин
Сәлем, достар! Көңілдеріңді түсірмеңдер. Қазір сиқырлы таяғыммен тортты тауып беремін.
Қане, көздеріңді жұмыңдар. Туған күн иелеріне сыйлық, ал бәріңе үлкен, тәтті торт сиқырлап беремін!
Ойындар
- Шарға сурет салу ойыны
- Ата-аналармен бірлескен ойын
Шам үрлеу және қорытынды
Жүргізуші: Қане, балалар, енді бәріміз торттың шамдарын үрлейік!
Туған күнің құтты болсын, балақай,
Шаттық пен күлкі бағын аралай.
Ата-анаңның сүйікті ұл мен қызы боп,
Алдыңнан ақ күн тусын арайлап!
Осымен туған күнге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Баршаңызға мерекелік көңіл күй, шаттық және береке тілейміз!