Сандарды үйрендік

Сабақ тақырыбы

35 − 7 түріндегі жағдайлар үшін есептеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу мен азайтудың тиімді тәсілдерін меңгерту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін және ойлау-танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірін құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу; білім алуға қызығушылығын арттыру.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі

  • Аралас сабақ
  • Жаңа білім беру
  • Ойын сабағы («Білім шыңына»)

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, оқулық, слайдтар, үлестірмелі қағаздар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

Сабаққа кіріспе әңгіме

Мұғалім: «Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ».

Бастауыш сыныптарда онкүндік өтіп жатыр. Осыған байланысты бүгін өз білімімізді ортаға саламыз.

Сұрақ: «Математика қандай ғылым?» Жауап: «Математика — ғылымдар патшасы!»

«Шеңбердің ішіндегі сандарды ретімен орналастырсақ, өзімізге таныс сөз тіркесі шығады» деген тапсырма арқылы қызығушылық оятылады.

Осы уақытқа дейін не үйрендік?

  • Сандарды үйрендік.
  • Оларды қоса және азайта аламыз.
  • Екі амалды есептерді шығара аламыз.
  • Фигураларды сызып, олардың периметрін таба аламыз.
  • Және басқа да дағдыларды меңгердік.

Ендеше, балалар, математикадан осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетейік.

Үй тапсырмасы

Оқулық: 55-бет, 5-жаттығу

Есептеулер

40 + 28 + 2

70

20 + 56 + 4

80

70 − (12 + 4)

54

100 − (28 − 2)

74

Автор туралы

Қызылорда облысы, Жусалы ауданы, Байқоңыр қаласы, Ю. А. Гагарин атындағы №8 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Рашаева Қалдыгүл Жайхожақызы.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}