Өкпе құрылысы мен қызметі
Сабақ: Өкпенің құрылысы мен қызметі (8-сынып)
Бұл сабақта оқушылар өкпенің құрылысы мен қызметін, тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстарын, өкпедегі газ алмасуды және ұлпалардағы алмасу үдерістерін топтық жұмыс арқылы сипаттайды.
Сабақтың оқу мақсаты
Өкпенің құрылысына, тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстарына, өкпеде жүретін газ алмасуға және ұлпалардағы алмасу үдерістеріне сипаттама беру.
Сабақ мақсаттары
- Барлық оқушылар: тыныс алу мүшелері туралы біледі.
- Оқушылардың басым бөлігі: өкпенің құрылысы туралы айта алады.
- Кейбір оқушылар: тыныс алу және тыныс шығару арқылы өкпенің қызметін сипаттай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар тақырыпты түсіне отырып, өз ойын жүйелі жеткізуді үйренеді, сөйлеу мәдениетін дамытады және сөздік қорын кеңейтеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер
Сыныптағы диалог пен жазылымға арналған тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар
- Өкпе туралы не білеміз?
- Сіз неліктен осылай деп ойлайсыз? Себебін айта аласыз ба?
- Неліктен өкпе көпіршіктері (альвеолалар) қажет?
Жазылым бойынша ұсыныстар
Берілген тапсырмаларды орындау арқылы негізгі ұғымдарды бекіту, жауаптарды толық сөйлеммен жазу және ғылыми терминдерді орынды қолдану.
Сабақтың барысы
Басталуы: ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «Кемедегі капитан» тренингі арқылы топтарға бөлінеді. Мұғалім сөз тіркестерін айтады, ал оқушылар сәйкес санмен бірігеді:
- «Кемедегі капитан» — 1 адам болып тұрады.
- «Палуба» — 2 адамнан жұптасады.
- «Судан құтқару» — 3 адамнан топтасады.
- «Тамақтану» — 4 адамнан бірігеді.
- «Кеме» — 5 адамнан құралады.
Ойын аяқталғаннан кейін құрылған шағын бірліктер қайта біріктіріліп, 3 топ жасақталады.
I. Қызығушылықты ояту (логикалық жұмбақ)
Оқушыларға мына жұмбақ ұсынылады:
Қос шауып келі бар, екі алыпкелі бар,
Қос жолкөршігі бар, екі үнсізгіші бар.
Жалғыз моласары бар, кеуде қағары бар,
Ауа соғары бар, қорек қорабы бар.
Тағы, тағы... тоқсан жол торабы бар.
Табады бұл жұмбақты, талпынған талабы бар.Жауабы: адам мүшелері
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Ойға шабуыл»
Алдыңғы тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылады:
- Тыныс алудың маңызы қандай?
- Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
- Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі қандай?
- Көмей құрылысының ерекшелігі неде?
- Дауыс сіңірлері қайда орналасқан?
- Кеңірдек пен бронхылардың құрылысы мен қызметі қандай?
Келесі бөлім: Өкпенің құрылысы мен қызметі.