Оқушыларды реттеу, зейіндерін сабаққа аударту
Сауат ашу сабағы
«Ж» дыбысы мен әрпі
Бұл сабақ жоспары «Ж» дыбысы мен әрпін қайталау және бекітуге арналған. Негізгі мақсат — оқушылардың оқу-жазу дағдыларын нақтылап, сөздік қорын кеңейтіп, ұжымдық жұмысқа баулу.
Әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы оқушылардың зейінін шоғырландырудан бастап, «Ж» дыбысына қатысты оқу, жазу, талдау және ойын тапсырмалары арқылы бекітуге бағытталған.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ретке келтіру, зейінін сабаққа аударту, психологиялық дайындық жасау.
Психологиялық дайындық (шумақ)
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Өткен сабақты еске түсіру
Оқушылардың алдыңғы білімін белсендіру үшін сұрақ-жауап ұйымдастырылады.
- 1 Өткен сабақта қандай дыбыс пен әріппен таныстық?
- 2 «Ж» дыбысы қандай дыбыс? Қай топқа жатады?
- 3 «Ж» дыбысына сөз ойлап, сөйлем құрастыр.
- 4 Тақтадағы сөздерді кім оқиды?
- 5 «Ж» дыбысына байланысты тақпақ айтайық.
Түйін
Ж дыбысын білейік, аман-есен жүрейік.
Оқушылар мадақталады.
III. Жаңа сабақ (бекіту сабағы)
Бүгінгі сабақта мақсат — «Ж» дыбысына қатысты білімді жүйелеу және кеңейте бекіту.
A) Тез әрі сауатты оқиық
Сөздер
Жауын, жарыс, жылқы, жарғанат
Жауап, жарық, жорға, жапалақ
Түсіндірме
- Жылқы — үй жануары.
- Жорға — жылқының жүріс түрі.
- Жарғанат — түнде ұшатын жануар.
- Жапалақ — түнде қоректенетін құс.
B) Сурет бойынша сөйлеу: «Жақсы — Жаман»
Оқушылар суреттерге сүйеніп, жақсы және жаман әрекеттерді салыстырып айтады, өз ойларын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.
Түйін
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Оқушылар мадақталады.
C) «Кім жылдам?»
Сөздерді жазу және дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар мадақталады.
D) Сергіту сәті
«Қара жорға» биі.
E) «Кім тез табады?» ойыны
Оқушылар сәйкестендіру арқылы ойлау жылдамдығын дамытады.
Сәйкестендір
- Жұмыртқа — тауық
- Жапырақ — терек
- Жолбарыс — тор
- Жұлдыз — ай
- Жіп — ине
Түйін
Оқиық та білейік, ойнайық та күлейік.
Оқушылар мадақталады.
Ж) Сабақты қорыту және рефлексия
Оқушылар өз қатысуын бағалайды: сабақ ұнаса — айдың қасына жұлдыз орналастырады; жақсы қатыстым — терекке жапырақ іледі; толық қатыса алмадым — жолға жылқы белгісін қояды.
Тілек
Әрқашан жүздерің жұлдыздай жарқырап, күзгі жапырақтай құлпырып, алға басқан қадамдарың жылқыдай жүйрік болсын. Жолымыз ашық болсын!
З) Қорытынды мадақтау
Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы атап өтіліп, жетістіктері мадақталады.
Мұғалім туралы
Бастауыш сынып мұғалімі: Нұржанова Ақтолқын Құдайбергенқызы
Тақырып: «Ж» дыбысы мен әрпі