Анама хат өлеңі

Ұзақ мерзімді жоспар: 6-сынып

Сабақ тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы: «Қара бұлт», «Анама хат»

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру
  • Тест
  • Пікір алмасу
  • Сатылай кешенді талдау

Оқу мақсаттары

  • Тұлғалық таным

    А. Байтұрсынұлының тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы және қоғам қайраткері екенін таныту.

  • Мазмұн мен идея

    Өлең мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу.

  • Дағды қалыптастыру

    Сатылай кешенді талдау жүргізу және шығармашылық қабілетті дамыту.

Тілдік мақсаттар

мысал астарлау

Бағалау критерийлері

Барлығы орындай алады

Ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі.

Көпшілігі орындай алады

Ақын өлеңдерінің негізгі идеясын анықтайды.

Кейбірі орындай алады

Сатылай кешенді талдау жасап, шығармашылық қабілетін дамытады.

Құндылықтар, байланыстар және алдыңғы білім

Құндылықтарға баулу

  • Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу
  • Ұлтжандылыққа баулу
  • Ұлыларымызды үлгі тұту

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы.

Талқылау және ой қорыту

Пікір алмасу сұрақтары

  • Қайырымдылық деген не?
  • Қазіргі заманда қайырымдылық керек пе? Неліктен?

Түйін

Адам — өмірге қонақ. Мақсат — бүгінгі айтылған жағымсыз қасиеттерден аулақ болып, қайырымды әрі адал өмір сүру.

«Қара бұлт» өлеңіне сатылай кешенді талдау

Негізгі деректер

Өлеңнің аты
«Қара бұлт»
Автор
А. Байтұрсынұлы
Жанр түрі
Өлең (мысал)
Негізгі идеясы
Адам бойындағы қайырымсыздық пен мақтаншақтықты әшкерелеу.

Өлең құрылысы

  • Буын саны 11
  • Бунақ саны 3
  • Тармақ саны 4
  • Шумақ саны 6
  • Ұйқас түрі Қара өлең ұйқасы

Көркемдегіш құралдар және кейіптеу

Эпитет

  • қурап тұрған дала
  • шөлдеп тұрған егін
  • зор пайда

Синоним

  • қурап
  • күйіп

Кейіптеу

  • Қара бұлт — қайырымсыз адам бейнесі
  • Тау — ақылды адам бейнесі

Мәнерлеп оқу

«Қара бұлт» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы мазмұнын түсіну және негізгі ойды анықтау.

«Анама хат» өлеңі: сөздікпен жұмыс

Негізгі ұғымдар

Лаухұлмахпұз
Діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта.
Хақ тағалам
Жаратушы Алла.

Сөз мағыналары

Жарам
Уайым, қайғы.
Харам
Адал емес.
Кермесіне
Кедергі, қарсылық мағынасында.

Аудиотыңдалым

Топтық жұмыс барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы А. Байтұрсынұлының «Анама хат» әні аудиожазбадан тыңдатылады.

Топтық жұмыс

I топ — «Тапқырлар»

  1. Өлеңнің бірінші шумағын мәнерлеп оқу.
  2. Бір шумаққа өлең құрылысы бойынша сатылай кешенді талдау жасау.

II топ — «Жазушылар»

  1. Өлеңнің екінші шумағын мәнерлеп оқу.
  2. Шумақ мазмұнын қара сөзге айналдырып жазу.

III топ — «Өнерпаздар»

Өлеңді қабылдау мен әсерді жеткізуге бағытталған шығармашылық жұмыс: орындау, сахналау немесе иллюстрациялау (мұғалім таңдауы бойынша).

Ақпарат (мектеп және мұғалім)

Мектеп

Рудный қаласы, №13 орта мектебі (КММ)

Мұғалім

Сабитова Г. Ж.

Материалдар

  • «Ахмет Байтұрсынұлы: “Қара бұлт”, “Анама хат”» (презентация/слайд)
  • «Ахмет Байтұрсынұлы: “Анама хат”» (аудио/слайд)