Тербетіліп тауымның аясында, Өсіппін ғой шыршаның саясында
Мұқағали Мақатаев
Өлмесін деп берген ғой тауды маған.
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран.
Аласартып асуын, өткелдерін,
Астыма әкеп төсейді көк белдерін.
Алып тауды бесік қып өсіпсің ғой,
Ғұмырым, керемет ең неткен менің!
Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, қоясың ба?
Әлде, тағы алдыма жаясың ба?
Тау менің несібіме тиіпті сирек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол! - дейтін
Таудай болғым келеді, биік керек.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі
Қ. Мырзалиевтың философиялық лирикасы
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Поэзиялық шығармаларды аудару
Аққулар
Дәнеш Рақышевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының жалпы сипаттамасы
Көркем шығармаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Қазақ әдебиетіндегі аударманың орны, маңызы
Білесің ғой, шынында екеуін көрсем мейірімденіп қуанам
Балаларды жылата бересің ғой енді
Қолың сынып қалмайды ғой одан
Болыпты ғой мына қыз
Шыны сол ғой енді
Содан ғой Майлыаяқтың таба алмай жүргені
Мынауыңыз бата ғой десті отырғандардың кейбірі
Солайы солай ғой, бірақ мен қойды қазға айырбастап жібергем
Мұғалімдер дана ғой, Ойын жақсы жеткізер
Таза ақырып тұр ғой өзі