Зұлмат соғыс
Мақсаты
Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиындықпен келгенін түсіндіру; Отанын, елін, жерін қорғауға және сүюге тәрбиелеу; патриоттық сезімді оятып, оқушы бойына сіңіру.
Тақырыбы
Шығыстың қос шынары
Көрнекілігі
Әлия мен Мәншүктің суреттері, слайдтар, үнтаспа жазбалары.
Кіріспе сөз
Соғыс… Зұлмат соғыс. 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 — осы бес жылдың ішінде қаншама жан қиылып, қаншама отбасы тірегінен айырылды. Бұл сұм соғыста тек ер-азаматтар ғана емес, олармен қатар қазақтың өр рухты арулары да майданға аттанды.
Соғыс қалай басталды? Үнтаспадан тыңдап көрейік.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз жандары нәзік болса да ер-азаматтармен қатар ерлік көрсеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова апаларымызға арналады.
Иә, балалар, естеріңде болса, ана тілі сабағында Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерліктері туралы оқығанбыз. Олар соғысқа өз еркімен сұранған. Ендеше, олардың арызы қандай еді?
Мәншүк Мәметова: ерлікке толы жол
Оқушының сөзі
Пулеметші болып соғысқа шықсам екен.
«Максиммен» жауды топырлата құлатсам екен.
Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен.
Мұғалімнің түсіндірмесі
Осылайша Мәншүк өзі сұранып соғысқа аттанды. Ендеше, ол қай жылы, қай майданда болды?
Оқушының жауабы
1943 жыл, күз айы. Барлық пулеметшілер Калинин майданына келді. Олардың ішінде Мәншүк те болды. Ол соғыстың ең қауіпті тұсына жіберілді.
Невель түбіндегі шайқас
Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Мәншүк «Максим» пулеметімен жауды жақындатпады.
Кенет жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Снаряд сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды.
Осы сәтті пайдаланған фашистер жақындай түсті. Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамастан, ол бар күшін жинап, жаудың тағы да 70 солдатын құлатып үлгерді.
Мәншүк жараланса да, жанына батса да, өлімнен қаймықпады — Отан алдындағы антына адал болды.
Отбасы және хат
Мәншүктің анасы — Әмина. Мәншүк бала кезінде өлең-тақпақты көп айтатын. Майданда жүргенде анасына жиі хат жазып тұрды.
Үнтаспа
Мәншүк апай — батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Әлия Молдағұлова: қайсарлық пен намыс
Соғыс хабарын естіген сәт
Соғыс басталған күні Әлия балалар үйінің саяжайында болды. Күн ашық әрі ыстық еді. Түс ауа соғыстың басталғаны туралы хабар жетті.
Хаттан үзінді
Енді Әлияның тәтесі Сапураға жазған хатын үнтаспадан тыңдайық.
1944 жыл: соңғы шайқас
1944 жыл, қыс айы. Неміс офицері Әлияны арт жағынан келіп қапсыра ұстап, құлатқысы келді. Бірақ Әлия оған мұрша бермеді: бар күшімен итеріп жіберіп, ата бергенде фашист оны атып үлгерді.
Мұғалімнің қорытынды ойы
Балалар, міне, бүгінгі бейбіт өмірге жетуімізге осындай батыр апаларымыз зор үлес қосты. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Слайдтардан ескерткіштер мен суреттерді көрсетіп, қысқаша түсіндіруге болады.
Жеңіс күніне арналған өлең жолдары
Еске алу
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 67 жыл. Жыл сайын 9 мамыр күні бүкіл елімізбен бірге Жеңіс күнін атап өтеміз.
Өлең
Күткен Жеңіс жарқ етті, сәуле шашып,
Жеңіс келді — қуандық, көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір!» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Өлең
Әлия, Мәншүк — қайсар қызы қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы —
Қазақстан аспанында азат күн.
Өлең
Әлия, Мәншүк өлмегені — сол болар,
Қос қарлығаш ардақталар, қорғалар.
Қазақ өткен ұмытпаса тарихын,
Болашаққа егемендік жол болар.
Өлең
Мектебіне, бақшасына бүлдіршін
Барсын, күлсін, анасымен бір жүрсін.
Бейбітшілік күні жанса төбеде —
Әлия, Мәншүк біреу емес, мың гүлсің!
Қорытынды
Бұл тәрбие сағатының түйіні — бейбіт өмірдің бағасын ұғындыру, ерлік пен отансүйгіштіктің мәнін терең сезіндіру. Әлия мен Мәншүктің есімі — ел жадындағы мәңгілік өнеге.
Соңында ұлдармен бірге ән орындалып, тәрбие сағатының қонағы ретінде Аруна Әлияның қатысуымен іс-шара қорытындыланады.