Отырып жүру, жүгіруін ескерту

Асық ойынының мәні мен қадірі

Ертеде қазақ халқы асықты бала күнінен қолына алып, жастайынан ойнай бастаған. Тіпті бала дүниеге келмей жатып-ақ, жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық ойынының басты ерекшелігі — оның сан қырлылығында: асықпен үйде де, далада да ойнауға болады.

Бұрын қазақтың қыз-келіншектері де асық ойнаған. Сондай-ақ аға буын өкілдерінің арасында асық ойнамай өскен адам кемде-кем. Халқымыз асықты қастерлеген: қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.

«Алшы» неге маңызды?

Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші болып атады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесіне басымдық береді, сәті түсіп, жолы болып тұрғанын білдіреді.

Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті деп танылған. Сол себептен ертеде бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған деген түсінік те болған.

Асық ойыны — ұлттық спорттың бір түрі. Ертеде оны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Өйткені асық ойындарының тәрбиелік мәні зор: ол ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды.

Ойын түрлеріне қарай баланың күш-жігері артып, мергендігі, шапшаңдығы, ептілігі және қырағылығы жетіледі. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын нұсқалары баланың намысын оятып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты қалыптастырады.

Ал атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу сияқты қозғалыстар балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Сабақтың мазмұны: дайындық кезеңі

Төмендегі бөлімдер оқушыларды қауіпсіз әрі тиімді қозғалысқа дайындауға бағытталған: сапқа тұрғызу, тексеру, бұрылу жаттығулары, жүру-жүгіру элементтері және саптағы бой жазу.

1) Ұйымдастыру жұмыстары

  1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, спорттық киімдеріне назар аудару.
  2. Сынып санын түгендеу, себепсіз келмеген оқушыларды анықтау.
  3. Рапорт қабылдау, рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау.
  4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау және дұрыстығын бақылау.

Ескерту

Аяқ ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүруін, сондай-ақ оң және сол бүйірімен жүгіру техникасын қадағалау қажет. Алақанға аяқтың ішкі/сыртқы қырының және өкшенің тиюін, отырып жүру мен отырып жүгіруді дұрыс орындауын ескертіңіз.

2) Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

  • Қолды жоғары ұстап, аяқ ұшымен жүру.
  • Екі қол белде, өкшемен жүру.
  • Екі қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
  • Бірқалыпты жеңіл жүгіру.
  • Тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру.
  • Арқаны алға қарата, оң иықпен қарап жүру.
  • Алға созылған алақанға екі тізені тигізе жүгіру.
  • Алақанға аяқтың ішкі/сыртқы қырын тигізе жүгіру.
  • Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
  • Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
  • Отырып секіріп жүру.
  • Дем алу, дем шығару.

3) Саптағы бой жазу жаттығулары

  • Саппен келіп, бірнеше қатарға тұру.
  • Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
  • Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
  • Қолды алға түзу созып, кезекпен айқастыру.
  • Бір қол белде, екінші қол жоғары: оңға және солға кезекпен иілу.
  • Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
  • Тік тұрып, бір аяқпен алға қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізеге қойып төмен басылып, бастапқы қалыпқа келу.
  • Қол алға созылған қалыпта аяқтарды кезекпен жоғары көтеру.
  • Қол белде: отырып-тұру.
  • Екі қол тізеде: тізені ішке және сыртқа айналдыру.
  • Дем алу, дем шығару.