Біз үлгі тұтарлық отбасымыз
Отбасы — ең үлкен құндылық
Отбасы — адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Ол — қиналғанда қайғыңды бөлісіп, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын аяулы жандардың ортасы. Отбасының берік тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім.
Отбасыз өмірдің мәні
Отбасы жоқ адам — қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бір-біріне мейірімін төгіп отырған отбасы бар адам — нағыз бақытты жан.
Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым әрдайым қасымда.
Менің отбасым — менің мақтанышым
Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз — үлгі тұтарлық отбасы.
Бұлай деуімнің себебі — біз әрдайым сыйластық пен бауырмашылдық танытып, қиындықты бірге жеңеміз.