Сандарды ата

Қысқа мерзімді жоспар (Математика, 2-сынып)

Тақырып: Жүздік Жүздіктермен 1000-ға дейін санау

Оқу мақсаттары

  • 2.1.1.4
    Санаудың ірі бірлігі — жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу және салыстыру.
  • 2.4.3.2
    Берілген заңдылық бойынша тізбек құрастыру және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.
  • 2.1.2.7
    Мынадай жағдайларда ондықтан аттап ауызша қосу мен азайтуды орындау: 45±9, 45±19; 26+14, 40−14, 65+35, 100−35.
  • 2.4.3.1
    100-ге дейінгі сандар мен 1000-ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің заңдылығын анықтау.

Тілдік мақсаттар

Негізгі ұғымдар мен сөздік қор: 100-ге дейінгі сандардың атауы, толық ондықтар, бірліктер, жүздіктер, санау бірліктері, артық, кем, үштаңбалы сан, үшінші разряд бірлігі.

Сабақтағы диалог пен жазылымға тірек сөздер

  • Талқылау: Санның графикалық үлгісін ойлап табыңдар. Жүздік — ірі санау бірлігі, ол 10 ондықтан немесе 100 бірліктен тұрады. Жүздіктерді өсу және кему ретімен атаңдар.
  • Жазу: 100-ден 1000-ға дейінгі сандарды, толық жүздіктерді жазу; сандарды салыстыру, оқу және жазу.

Алдыңғы оқу

100-ге дейін санау, разрядтық қосылғыштар, толық ондықтар, бірліктер, екітаңбалы сан және екітаңбалы санның моделі.

Сабақ барысы

Сабақтың басы: «Өнімді жина» ойыны

Оқушыларға «Өнімді жина» ойынын ойнайтынымызды хабарлаймын. Оқушыларды 4 топқа бөлемін. Тақтаға 4 бос себет ілінеді.

Әр оқушыда түсті қағаздан қиылған жемістер мен көкөністер болады. Олардың әрқайсысына екітаңбалы сандарды ондықтан аттап баған түрінде қосу немесе азайтуға арналған мысалдар жазылған.

Топтағы оқушылар кезекпен өз мысалдарын шығарып, «өнімді» өз себетіне салады. Қай топ өнімді тез жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Қысқа қайталау

Оқулықтағы екітаңбалы сандарды ондықтан аттап азайтудың ережесін қайта еске түсіріңіз.

Назар аударатын дағды

Қосу/азайту кезінде ондыққа «аттау» орын алатын сәтті анықтау және амалдың ретін дұрыс сақтау.

«Сандарды ата»: 100 санының моделін құрастыру

Оқушыларды демонстрациялық үстелге шақырып, барлығына 100 санының моделін құрастыруды ұсынамын. Қандай санның моделі шыққанын және оны қалай анықтағандарын сұраймын.

1000-ға дейін санай алатын оқушылар бұл жағдайда жүздіктермен санаудың ыңғайлы екенін айта алады: 1 жүздік, 2 жүздік, 3 жүздік, т.с.с.

Аталуы

100, 200, 300, 400, …

Айырмашылығы

Бұл сандардың жазылуында үш цифр бар, сондықтан олар үштаңбалы сандар деп аталады.

10 жүздік

10 жүздіктен тұратын сан — мың (1000). Ол 1000 бірліктен тұрады.

Жаттығу

Оқушыларға 1000-ға дейін жүздіктермен тура және кері санауды ұсыныңыз.

Жұптық жұмыс: текшемен ойын

Оқушыларға жұппен ойын ойнауды ұсынамын. Қажет құралдар: ойын текшесі, ламинатталған беттер, маркерлер.

Оқушылар кезекпен текшені лақтырады. Текшедегі әрбір нүкте 100 санын білдіреді. Түскен ұпайға сәйкес санды жазады. Мысалы, 4 нүкте түссе — 400.

Ойынды 2–3 рет қайталауға болады.

Тексеру және мақсат

  • Салыстыру: Кімнің саны үлкен екенін анықтау.
  • Мәреге жету: Қай ойыншы 1000 санына бұрын жетсе, сол жеңімпаз.

«Шығарып көр»: сан жасыру ойыны

Оқушыларға сан жасыру ойынын ұсынамын. Жасырылған сан міндетті түрде үштаңбалы болуы керек.

Үлгі: «Мен ойлаған сан 100 санынан 200-ге артық. Бұл сан — …»

Санды ең бірінші тапқан оқушы келесі жүрісті алып, өз жұмбағын құрастырады.

Математикалық диктант

Сандарды оқимын, оқушылар жазады:

7 онд. 4 бірл. = 74
9 онд. 0 бірл.
8 онд. 8 бірл.
10 онд.
10 жүзд.
10 бірл.
100 бірл.
100 онд.
2 жүзд.
5 жүзд.
9 жүзд.
1000 бірл.

Қалыптастырушы бағалау

Тапсырма 1. 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900 сандарында неше жүздік бар?

Тапсырма 2. Осы сандарды кему ретімен дәптеріңе жаз.

Сабақтың соңы: рефлексия

Оқушылардың жетістік деңгейін анықтау үшін төмендегі сұрақтар арқылы бағалау жүргізіңіз:

  • 1) 100 санының жазылуында қанша цифр бар?
  • 2) Бір жүздікте қанша бірлік бар?
  • 3) 100 санында қанша ондық бар?
  • 4) 99 санынан кейін қандай сан келеді?
  • 5) 1000-ға дейін жүздіктермен өсу ретімен сана.
  • 6) 1000-ға дейін жүздіктермен кему ретімен сана.

Мәлімет

Мектеп
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалім
Мухамбетжанова С. О.
Тақырып
Жүздік. Жүздіктермен 1000-ға дейін санау.
CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}