Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті

Солтүстік Қазақстан облысы • Тайынша ауданы • Теңдік ауылы

КММ «Теңдік орта мектебі» • Тарих пәні мұғалімі: Жапенова Гульмира Жикеновна

5-сынып Сабақ жоспары Қола дәуірі

Сабақ тақырыбы

Қазақ жеріндегі Қола дәуірі

Сабақ мақсаты

  • Қола дәуірі туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.
  • Оның адамзат тарихындағы маңызын ашып көрсету.
  • Қола дәуірінің мәдени ескерткіштері мен ерекшеліктерін (соның ішінде өңірлік мәдениеттерді) түсіндіру.

Ұйымдастыру кезеңі: тренинг

«Алғашқы адамдар» жаттығуы: оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалысты бір-бірінен қайталайды.

Үңгірге кіреміз,
Топырлап жүреміз.
Тас қашап, от жағып,
Терімді тереміз.
Аң аулап, құс атып,
Ынтымақ пен бірлікте
Ортақ өмір сүреміз!

Топқа бөлу: «Алтын асыл тас»

Оқушылар тастарды таңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы топтарға бөлінеді.

  • Алғашқы еңбек құралдары негізінен неден жасалды?
  • Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қандай тастарды таңдады?
  • Тастарды қандай әдістермен өңдеді?
  • Тастан жасалған қандай еңбек құралдарын білесіңдер?

Үй тапсырмасы: тарихи диктант

Оқушылар төмендегі сөйлемдерді берілген сөздер қорын пайдаланып толықтырады.

Диктант мәтіні

__________ — ең алғашқы адамдар тіршілік еткен дәуір.

Тас дәуірі ғылым тілінде __________ деп аталады.

Тас дәуірі шамамен б.з.б. __________ мыңжылдық арасын қамтиды.

Қазақстан жерінде алғашқы адамдар бұдан __________ жыл бұрын пайда болған.

Алғашқы адамдардың тұрағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы __________ өзенінің жағалауынан табылды.

Алғашқы адамдар өмір сүрген тұрақ __________ көлінің жағасынан да табылды.

Алғашқы адамдардың өмірі өте ауыр еді, олар __________ өмір сүрді.

Аң аулады, __________ жинады, __________ қазып жеді.

Тапқандарын __________ пайдаланды.

Бір баспанада тұрып, ұжымдаса еңбек етіп, барлығын ортақ пайдаланған туыстас адамдар ұжымы __________ деп аталды.

Руды тәжірибелі де беделді адам — __________ басқарды.

Үш-төрт туыстас ру бірігіп __________ құрды.

__________ дегеніміз — туыстас, ынтымақтас бірнеше рудың бірлестігі.

Сөздер қоры

Тас дәуірі палеолит б.з.б. 600–12 мыңжылдық 1 миллиондай Арыстанды Балқаш бірлесіп жеміс шөптің тамырын ортақ ру рубасы ру бірлестігін тайпа

Негізгі тапсырмалар

1-тапсырма: топтық жұмыс

Постер

«Андрон мәдениеті» және «Беғазы–Дәндібай мәдениеті» тақырыптары бойынша постер жасау.

Қорғау форматы

«Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі.

Бағалау: бағалау парағы арқылы.

2-тапсырма: жеке жұмыс

«Көзе құмыра»
  • Қола дәуірінің басталуы.
  • Қола дәуірінің ерекшеліктері (I, II, III).
  • Қола дәуірінің адамзат тарихындағы маңызы.

Қорғау форматы: «A және B»

  • Бірінші оқушы тапсырманы орындайды.
  • Екінші оқушы тексереді және кері байланыс береді.
  • Оқушылар бір-біріне кеңес береді.

Бағалау: бағалау парағы арқылы.

Сергіту сәті: «Белгісіз басшы» әдісі

Бір қатысушы сыныптан сыртқа шығады. Осы уақытта қалғандары іштерінен бір оқушыны «басшы» етіп таңдайды. Басшы сырттан келген оқушыға білдірмей белгілі бір қимыл көрсетеді, ал қалғандары сол қимылды бірдей қайталайды. Сырттан келген оқушы кімнің басқарып тұрғанын табуы керек.

Ереже

Егер оқушы тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, ойынға басқа оқушы қосылады (рөлдер ауысады).

Сабақты бекіту: «Кім жылдам?»

Жылдам сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар мен деректерді қайталау.

  • Қола дәуірі қай жылдарды қамтиды?
  • Қола дәуірінде қола қандай қоспадан алынды?
  • Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең кең тараған түрі қандай?
  • Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті қалай аталады?
  • Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті қалай аталады?
  • Қазақстандағы қола дәуірі қоныстары көбінесе қай жерлерге орналасқан?
  • Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы түрде зерттеген ғалым кім?

Үй тапсырмасы

Тест тапсырмасы

3 тест сұрағын құрастыру.

Сұрақ дайындау

2 «жұқа» және 2 «қалың» сұрақ дайындау.

Баяндама

Марғұлан Әлкей Хақанұлы туралы баяндама (дарынды оқушымен жұмыс).

Қосымша материалдар

Сабақтың толық нұсқасы мен слайдтарды жүктеу бөлімінде орналастыруға болады.