Тасқын тобы
Ашық сабақ (5-сынып)
Бұл сабақта «Гидросфера» тарауы жинақталып, негізгі ұғымдар жүйеленеді. Сабақ форматы — оқушылардың белсенді қатысуын талап ететін, білімді қайталауға арналған жарыс сабағы.
Сабақ тақырыбы
Гидросфера тарауын жинақтап қайталау.
Сабақтың түрі мен типі
- Түрі: Қайталау сабағы (жинақтау).
- Типі: Жарыс сабағы.
Сабақтың мақсаты
1) Білім беру
Гидросфера тақырыбы бойынша алған білімдерін қорытындылап, бір жүйеге келтіру.
2) Дамыту
Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді дамыту; оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын және шығармашылық ойлауын жетілдіру; ойды еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Экологиялық тәрбие беру арқылы су нысандарын қорғауға, ластамауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Карта
- Интерактивті тақта және қосымша материалдар
Оқыту әдістері
- Топтық жұмыс
- Жекелей жұмыс
- Жалпы сыныппен жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кабинет пен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сыныпты 2 топқа бөлу.
«Тасқын» тобы
Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда, ертең әлі шарықтаймыз қияда.»
«Толқын» тобы
Ұраны: «Асау тұлпар желдей ескен арынды, оқу менен еңбекке сал барыңды.»
II. Өткен материалды қайталау
1) Білім сайысы: жалпы сұрақтар
- Су тек сұйық күйде кездесетін планета — Жер.
- Мұхит дегеніміз не?
- Дүниежүзілік мұхиттың құрамына қандай мұхиттар кіреді?
- Судың химиялық формуласы — H2O.
- Өзен дегеніміз не?
- Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не?
- Өзеннің басталатын жері — бастауы.
- Теңіз дегеніміз не?
- Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері — сағасы.
- Жер бетінде су көп пе, әлде құрлық па? 71% — су, 29% — құрлық.
- Кез келген өзен бастауынан сағасына дейін ойпаңмен ағады — бұл аңғар.
- Дүниежүзіндегі ең терең көл — Байкал.
- Әлемдегі ең тұзды сулардың бірі — Қызыл теңіз.
- Өзенді барлық салаларымен қоса — өзен алабы деп атайды.
- Ең мол сулы өзен — Амазонка.
- Табиғаттағы тұщы су қоры — шамамен 2,5%.