Латын әріптерін көрсету
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Каримова Ақөрік Сафиоллақызы
Тақырып
Геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу
Көрнекіліктер
Кесте, қималы карточкалар, геометриялық фигуралар, сызбанұсқалар, проектор және т.б.
Мақсаттар мен міндеттер
Негізгі мақсат
- Геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеуді таныстыру.
- Белгіленуі бойынша фигураларды дұрыс оқуға дағдыландыру.
- Есептеу дағдыларын қалыптастыру және шапшаң есептеуге үйрету.
- Геометриялық фигураларды сызуға жаттықтыру.
Оқу-тәрбие міндеттері
1) Білімділік
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды меңгерту.
2) Дамытушылық
Математикалық ойлау стилін, логиканы, интеллектуалдық және ерік-жігер сапаларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Білімді өмірде қолдануға үйрету, ұқыптылыққа және белсенділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Әнұран: «Менің Қазақстаным».
Психологиялық ахуал
Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Сабақ ұраны
«Білгенімізді қайталаймыз, білмегенімізді үйренеміз!»
Кіріспе әңгіме
Алда келе жатқан мереке — 1 желтоқсан, Президент күні. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына зор үлес қосылып, әр азаматтың білім алуы мен жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасалды. Бүгінгі сабақтағы жұмысымыз бен жетістіктеріміз осы күнге арналады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлінеді.
III. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тез тауып ал!» (жедел сұрақтар)
Оқушылар үш топқа бөлініп, 10 сұрақтан жауап береді.
1-топ: Зеректер
- Бір шеті тұйықталған түзу — сәуле.
- Азайтудың бірінші компоненті — азайғыш.
- Сегіз ондық — сексен.
- 1 дециметрде 10 сантиметр бар.
- 32-ні 4 есе кеміт — 8.
- Біз Қазақстанда туып-өстік.
- Барлық қабырғасы тең көпбұрыш — шаршы.
- (63 + 17) : 4 = 20.
- Б. Майлиннің оқыған әңгімесі — «Күлпаш».
- (100 − 50) × 3 = 150.
2-топ: Ойшылдар
- Екі шеті тұйықталған түзу — кесінді.
- 1 метр = 100 сантиметр.
- Қабырғасы 6 см шаршының ауданы: S = 6 × 6.
- ҚР Президенті — Н. Ә. Назарбаев.
- Баяндауыш деген не? (ережені еске түсіру)
- Тірі табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.
- (150 − 50) санын 2 есе кеміт — 50.
- Қазақстанның астанасы — Астана.
- Белгісіз көбейткішті қалай табамыз? (ережені айту)
- 8 × 9 + 8 = 80.
3-топ: Алғырлар
- 50 қаз ұшты, 20 қаз қонды: қонбағаны — 30.
- «2 балық ұшып келді» — балық ұшпайды.
- (36 : 9) санын 8 есе арттыр — 32.
- 4 жұмыртқа 4 минут піссе, 8 жұмыртқа да 4 минут піседі.
- «Күлпаш» кейіпкерлері: Қали, Мақтым, Күлпаш.
- Қосу амалының компоненттерін ата. (ереже)
- Бірдей сандардың бөліндісі 1-ге тең.
- Санды 1-ге көбейтсең — сол сан шығады.
- Өзара кері амалдар: қосу-азайту, көбейту-бөлу.
- Президент күні — 1 желтоқсан.
IV. Қызығушылықты ояту (жұмбақтар)
1-топ: Зеректер
- Екі басы тұйық, өзі түзу сызық — кесінді.
- Бір шеңберді бір шеңбер көтеріп тұр — 8.
2-топ: Ойшылдар
- Бір үйде тұрады елу батыр, үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр. (шешімі талқыланады)
- Қос құлақты, жүз тісті, жүзінен бірақ із түсті. (шешімі талқыланады)
3-топ: Алғырлар
- Егіз қайық, бой бастары тең өскен, іске дайын бұтақтары бес-бестен. (шешімі талқыланады)
- Екі ағайынды екеуі де бір үйде, бірін-бірі көрмейді екен өмірде. (шешімі талқыланады)
V. Жаңа тақырыпты меңгеру
Тақырыпқа шығу
Оқушылар фигуралар арқылы топқа бөлінгенін айтып, өздері білетін геометриялық фигураларды атайды: үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, кесінді, сәуле, шеңбер, дөңгелек, нүкте және т.б. Бірдей фигураларды бір-бірінен ажырату үшін математикада латын әріптері қолданылатыны түсіндіріледі.
Латын әріптері (мысал)
A (а), B (бэ), C (цэ), D (дэ), E (е), K (ка), M (эм), N (эн), P (пэ), T (тэ), O (о), S (эс), X (икс), Y (игрэк).
(Жазылуы, айтылуы және оқылуы слайд арқылы көрсетіледі.)
Фигураны дұрыс оқу ережелері
- Кесінді — бірінші әріптен оқылады: AC кесіндісі.
- Сәуле — тұйықталған (басталған) жағынан оқылады.
- Көпбұрыш — әдетте төменгі сол жақ бұрыштан бастап ретімен оқылады: AEDK төртбұрышы, ABC үшбұрышы.
Топтық жұмыс (постер қорғау)
Үш топ берілген тапсырмалар бойынша постер дайындап, қорғайды.
VI. Оқулықпен жұмыс
№1
1-топ — (а), 2-топ — (ә), 3-топ — (б).
№2
Тапсырма А3-ке орындалады, үш топтан да сұралады.
№3
Жазуларды жалғастыру және сызу тапсырмалары:
- 1-топ: OK кесіндісін сыз.
- 2-топ: DC түзуін сыз.
- 3-топ: OKED төртбұрышын сыз (қорғау).
VII. Ұжыммен жұмыс (№4)
Есеп оқылып, тақтада ұжымдық түрде орындалады.
VIII. Сергіту сәті (ойын)
Жауап берген оқушыларға жүлде беріледі.
Сұрақ 1
Туристер 2 адамнан 7 қайыққа отырды. Неше адам жорыққа аттанды?
Сұрақ 2
Арбаға жегілген 2 ат 40 км жүгірді. Әрқайсысы неше километр жүгірді?
Сұрақ 3
Сиырдың қауіпті мүшесі қандай?
IX. Топтық жұмыс (№5)
1-топ: Зеректер
- 569 − 282 + 19 = 396
- 720 : 9 − 33 = 47
- 640 : 8 + 20 = 100
2-топ: Ойшылдар
- 427 + 255 − 112 = 570
- 981 − 639 + 83 = 425
- 100 : 2 + 7 × 7 = 9
3-топ: Алғырлар
- 56 : 8 + 9 × 9 = 88
- 35 : 5 − 24 : 4 = 1
- 40 × 6 − 160 = 80
X. Өзіндік жұмыс (№6) және қорытындылау (тест)
Тапсырмалар дауыстап оқылып, топтарға тест жұмысы беріледі.
1-топ: Зеректер
- 32 ер бала және 8 қыз келді. Ер балалар саны қыздарға қарағанда неше есе артық? (а) 5 (ә) 4 (б) 6
- Теңдеуді шеш: 5 × a = 45. (а) 5 (ә) 7 (б) 9
- (40 + 24) : 8. (а) 7 (ә) 8 (б) 6
- Салыстыр: 45 : 5 * 9 (таңбасын қой).
2-топ: Ойшылдар
- Әр баланың 5 асығы бар. 6 балада неше асық? (а) 20 (ә) 30 (б) 35
- Теңдеуді шеш: x : 9 = 100. (а) 90 (ә) 900 (б) 106
- (26 + 24) : 5. (а) 7 (ә) 8 (б) 10
- Салыстыр: 40 : 5 * 6 (таңбасын қой).
3-топ: Алғырлар
- Ұзындығы 20 м, ені 9 м бөлменің ауданы қандай? (а) 190 (ә) 180 (б) 100
- Теңдеуді шеш: x : 8 = 80. (а) 640 (ә) 64 (б) 600
- (39 + 21) : 10. (а) 6 (ә) 8 (б) 60
- Салыстыр: 8 * 3 * 24 (таңбасын қой).
Бағалау және қорытынды
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі қолданылады:
- Жасыл — 5
- Сары — 4
- Қызыл — 3
Қорытынды сөз
Бүгінгі сабағымызды Президент күніне арнадық. Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болсын. Қазақстан өрлей берсін, көк туымыз мәңгі желбіресін. Сабақ соңында сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды.
Үй тапсырмасы
№7 тапсырма.