Азот оксидтері

Сабақтың тақырыбы

  • §15. Азот оксидтері
  • §16. Азот қышқылы

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру.
  • Азот қышқылының негіздік қасиеттерін және күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып-үйрену.
  • Азоттың оттекті қосылыстары туралы білімді дамыту.

Тәрбиелік

Оқушылардың дүниетанымын ғылыми-материалистік көзқарас негізінде қалыптастыру және нығайту.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, тест жұмысы
Көрнекілік
Тірек сызбалар, тапсырма қағаздары

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын сұрау

Тақырып: Аммиак және аммоний тұздары (қайталау және бекіту сұрақтары).

  1. 1. Аммиактың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
  2. 2. Лабораторияда аммиак алуды түсіндіріңдер және тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.
  3. 3. Аммиактың химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы түсіндіріңдер, түзілген өнімдердің атауын көрсетіңдер.
  4. 4. Аммиак газының суда ерігіштігін түсіндіріңдер.
  5. 5. Аммоний ионын (NH4+) қалай анықтауға болады?
  6. 6. Аммоний тұздарына мысалдар келтіріңдер және олардың ерекше қасиетін атаңдар.
  7. 7. Аммоний тұздарының қолданылуын айтып беріңдер.

Жазбаша жұмыс

Жұмыс дәптері

57–58-тапсырмалар

Оқулық

№5–6 және №9–10 жаттығулар

Келесі бөлім

Азот оксидтері және азот қышқылы тақырыптарына көшу: негізгі ұғымдар, қасиеттер және реакциялар.