Аттандыру өлеңі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна.
Пән
Қазақ тілі
Сынып
7-сынып
Сабақтың тақырыбы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі.
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық мақсат
Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақынның өлеңдерін талдатып, мәнін түсіндіру.
2) Дамытушылық мақсат
Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өз бетінше қорытынды жасауға баулу; шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсінігін дамыту.
3) Тәрбиелік мақсат
Отанды, туған жерді сүюге және қастерлеуге тәрбиелеу; қайсарлық, табандылық, қаһармандық құндылықтарын қалыптастыру.