Сүйікті ойыншықтар

Оқу қызметі туралы мәлімет

Білім беру саласы
Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы
Сүйікті ойыншықтар

Мақсаты

Балалардың сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелей алуын қалыптастыру.

Міндеттері

  • Білімділік: сүйікті ойыншықтар туралы қысқа әңгіме құрастыруға үйрету; ойыншықтың атауын, түсін, қандай материалдан жасалғанын айту; жекеше және көпше түрлерін қолдану.

  • Дамытушылық: сөзді анық айтуға, дұрыс сөйлеуге баулу; сөздік қорын дамыту.

  • Тәрбиелік: ойыншықпен дұрыс ойнау ережелерін түсіндіру; ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Түрлі ойыншықтар және ойыншықтардың суреттері.

Билингвалдық компонент

  • Ойыншықтар — игрушки
  • Доп — мяч
  • Қуыршақ — кукла

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Қолданылған технология

«Тәй-тәй» және АКТ технологиясы.

Кіріктірілген оқу іс-әрекеті

Қоршаған орта, сурет салу, құрастыру.

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

«Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші: «Балалар, қонақтармен амандасайық».

  • Армысың, жарқыраған күн!
  • Армысың, Жер Ана!
  • Армысың, көгілдір аспан!
  • Армысыздар, апайлар!

Тәрбиеші: «Оқу қызметін бастамас бұрын, жылдың қай мезгілі екенін еске түсірейік».

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз мезгілінде неше ай бар?

  • Ауа райы қандай?

  • Күзде не жауады?

  • Жапырақтың түсі қандай?

Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар».

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Өлең арқылы тақырыпты ашу

Тәрбиеші: «Балалар, мен сендерге бір өлең оқып беремін. Өлеңнің не туралы екенін айтып көріңдер».

Бізде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар да тыңдайды,
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.

Өлең не туралы?

Қандай ойыншықтар аталды?

Сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

Ойыншықтар қалай жасалады?

Тәрбиеші балаларға ойыншықтардың жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінетінін түсіндіреді: жұмсақ, қатты (пластмасса), мата, ағаш, резеңке.

Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық»

Кейіпкердің келуі

Есік қағылады. Қонаққа қолында сиқырлы таяғы және қорапшасы бар сиқыршы келеді.

Сиқыршы: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Тәрбиеші: «Сіз кімсіз?»

Сиқыршы: «Мен сиқыршымын».

Тәрбиеші: «Қолыңыздағы не?»

Сиқыршы: «Бұл — сиқырлы сандық. Ішінде не бар екенін өздерің табыңдар. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын».

Жұмбақ

Аяғы бар — жүрмейді,
Аузы бар — күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.

Сиқыр әрекеті

Сиқыршы: «Жарайсыңдар, балалар! Ендеше көздеріңді жұмыңдар».

«Алақай, алақай! Суф, суф! Енді көздеріңді ашыңдар!»

Сандықтан сүйікті ойыншықтар шығады. Балалар ойыншықтарды атап, түсін айтып, қандай материалдан жасалғанын сипаттайды.