Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, математикадан алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, сабырлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Математика туралы қанатты сөздер
  • Кестелер

Қанатты сөздер

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан оны оқу керек».
М. В. Ломоносов
«Математика — барлық ғылымдардың бекзадасы; оның сүйіктісі — шындық, сәні — қарапайымдылық пен айқындылық».
Ян Снядецкий
«Ақынжанды болмаған адам математик те бола алмайды».
С. В. Ковалевская
«Жақсы шығарма жазу үшін творчестволық қиял қандай керек болса, геометрия есептерін шығару үшін де сондай қиял керек».
А. С. Пушкин

Сабақтың жоспары

  1. I Ұйымдастыру бөлімі
  2. II Негізгі бөлім: I тур — «Бәйге»; II тур — «Полиглот»; III тур — «Ғажайып үштік»; IV тур — «Көкпар»; V тур — «Жорға»; VI тур — «Шешендік өнер»
  3. III Қорытынды

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 9-сыныпта өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтан емес сен, қаталдансың.
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән — математика атанғансың!

Сайыс барысын қадағалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

ІІ жүргізуші: Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей-ақ тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты — еңбектену, жалықпау!

Сәт сапар тілеп бәріңе, сайысты бастайық. Өнерлеріңді көрсетіңдер, жасқанбаңдар!

Қатысушылар ортаға шақырылады.

2) Негізгі бөлім

І жүргізуші: Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады «Бәйге» атты сайысымыз,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын!

Ойын шарты: әр қатысушы берілген сұрақтарға тез жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

I тур — «Бәйге» сұрақтары

  1. «Алгебра» сөзі қай сөзден шыққан? («ал-джебр» — қалпына келтіру)
  2. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым, математик. (Әл‑Фараби)
  3. Әріпті өрнекті енгізген XVI ғасырдың көрнекті математигі. (Франсуа Виет, 1540–1603)
  4. Квадраттық функцияның графигі. (Парабола)
  5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм. (Ромб)
  6. Квадрат теңдеудің жалпы түрі. (ax² + bx + c = 0)
  7. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
  8. Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сан. (2)
  9. «Трапеция» сөзінің мағынасы қандай? (грекше «трапедзион» — ас үстелі)
  10. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы (анықтамасын айтыңдар).

І жүргізуші: Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
Тіл өнері сайысына қатысып,
Жұмбақтарды кім үш тілде шешеді?

«Полиглот» турының шарты: жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде жазу керек. Бағалау: қазақша — 10 ұпай, орысша — 20 ұпай, ағылшынша — 30 ұпай. Бұл турдан кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

II тур — «Полиглот»

  1. Алды-артымыз шексіз де, жете алмайсыз біздерге.
    Сәуле менен кесінді — шыққан тегін білсін де.
    Түзу — прямая — straight
  2. Бір шеңберді бір шеңбер көтеріп тұр, білсеңдер.
    Сегіз — восемь — eight
  3. Біз — санбыз, сызықпен бөлінген.
    Математиканы ұқпас адамға құбыжық болып көрінген.
    Дұрыс, бұрыс, аралас, ондық болып бөлінген.
    Бөлшек — дробь — fraction
  4. Бойы бір қарыс, сиып тұр 25 арыс.
    Сызғыш — линейка — ruler
  5. Алтын терек, он екі бұтақ, үш жүз алпыс бес жапырақ.
    Жыл — год — year
  6. Сырт-сырт соғады, уақыт озады.
    Сағат — часы — clock
  7. Сөзі дана, үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ.
    Қолыңа алсаң — шешен, ақылы асқан көсем.
    Кітап — книга — book

І жүргізуші: Ал шәкірттер алға бассын, ойы оңалсын,
Шешілмеген сұрақтарың қалмасын.
«Ғажайып үштік» сайысында
Сұрақтарды алда тұрған таңдасын.

Бұл турда 3×10, 3×20, 3×30 ұпайлық сұрақтар беріледі. Оқушылар өз таңдауы бойынша жауап береді. Тур соңында ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

III тур — «Ғажайып үштік»

10 ұпай
  • Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. (Параллель)
  • Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем. (Аксиома)
  • Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, сан неше есе өседі? (11 есе)
20 ұпай
  • Қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең екі сан. (5 және 3)
  • Ешқандай амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр. (999)
  • 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді? (4 сағат)
30 ұпай
  • Трапецияның табандары 5,6 м және 2,4 м. Диагональдары орта сызықты қандай кесінділерге бөледі?
  • Функцияның анықталу облысын табыңдар.
  • Теңдеуді шешіңдер.

Ескерту: 30 ұпайлық тапсырмаларда мәтінде формулалар толық берілмеген, сондықтан мұнда бастапқы нұсқа сақталды.

І жүргізуші: Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім-теңіз бойланып.
Кім шешеді — сол сайыста ұтып тұр,
Алдарыңда «Көкпар» туры күтіп тұр!

Бұл турда үш бағыт бойынша таңдаған сұраққа жауап беріледі. Тур соңында ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

IV тур — «Көкпар»

Математика — әдебиет

  1. Нәрселерді санағанда керек бізге ауадай. Айтыңдаршы, бұл қандай сан? (Натурал сан)
  2. Математик бір ғалым бірмүшеліктен іріктеп, үшеуін қосып топ құрды. Екі алып ол топты нөлге теңеп жоқ қылды. (Квадрат теңдеу)
  3. Кітаптың әр бетінде 35 жол бар, әр жолында орта есеппен x таңба бар. Әр беттегі таңбалар саны бірдей болса, 10 бетте неше таңба бар? (350x таңба)

Математика — тарих

  1. Жазықтықта координаттар жүйесін енгізген ғалым. (Р. Декарт)
  2. Біздің эрамызға дейінгі III ғасырда өмір сүрген, «Бастамалар» еңбегінің авторы. (Евклид)
  3. Ең алғаш тікұшақтың жобасын жасаған, математика, физика, астрономия, геология және физиологиямен айналысқан, бірақ әлемге өзге жетістіктерімен танылған тұлға. (Леонардо да Винчи)

Математика — жаратылыстану

  1. Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма?
  2. Жер шарындағы алты материктің қайсысы пішіні жағынан үшбұрышқа ұқсайды? (Оңтүстік Америка)
  3. Теңіз суында 5% тұз бар. 40 кг теңіз суындағы тұз мөлшері 2% болу үшін қанша тұзсыз су қосу керек? (60 кг)
    Есептеу үлгісі: 40 × 0,05 = 2 (кг тұз). 2 ÷ 0,02 = 100 (кг ерітінді). 100 − 40 = 60 (кг тұзсыз су).

І жүргізуші: Жақсы сөзге жүрегі жай табатын,
Өз ойын дәлелдеп, нақты айта алатын.
Сөз мәнерін мәйегіне келтіріп,
Шешендер бар ортаға шыға алатын.

VI тур — «Шешендік өнер»

Қатысушылар берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, дәлелді сөйлеу мәдениетін және шешендік қабілетін көрсетеді.

Әділқазылар алқасы барлық турдың нәтижесі бойынша оқушыларды бағалап, «ХХІ ғасырдың жас математигі» атағымен марапаттайды.

3) Қорытынды

  • Ұпайлар қорытындыланып, жеңімпаз анықталады.
  • Белсенді қатысушылар мадақталады.
  • Сабақтың негізгі идеясы: математика — дәлдік пен ойлауды тәрбиелейтін, өмірмен тығыз байланысты пән.