Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай боп сәлдесі

Абай Құнанбаев

Көзінен басқа ойы жоқ,
Адамның надан әуресі.
Сонда да көңілі тым - ақ тоқ,
Жайқаң - қайқаң әр несі.

Білмейсің десе, жел өкпе,
Дейді дағы – тәңірі ісі.
Бірінен бірі бөлек пе,
Иемнің әділ пендесі?

Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса
Адамның хикмет кеудесі

Наданның көңілін басып тұр
Қараңғылық пердесі.
Ақылдан бойы қашық тұр,
Ойында бір - ақ шаруасы.

Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көңілі – бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі?

Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.



Ұқсас жұмыстар

Адалдан тапқан тиынды
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағлымы
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар жайында
Абай-қазақ халқының хәкімі
ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРДЫҢ ИДЕЯЛАРЫ
Абайдың исламиятқа қатысы
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
Абай мен Акиф шығармаларындағы дін мәселесінің сипатталуы
Туризм дамуының экологиялық жағдайларға теріс әсері
Әлия Молдағұлова туралы
Жұбан Молдағалиев
Әлия Молдағұлова жайлы
Шылым шегудің теріс салдарға әкеп соғатын себептері
Әлия Молдағұлова
Сендердің бәріңде менің алдымда тірі кісідей боп тұрдыңдар
Бопай ханым Әбілқайырдың жан - жақты мәселелерін шеше отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы
Өзің алдым деп тұрған кітапты айтам
 Бұрынғы өткен заманда бір молда болыпты