Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Касымова Айнур Нурбековна

Сынып: 3 Тақырып: Спорт Грамматика: Тәуелдік жалғау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың спорт және Қазақстан спортшылары туралы түсінігін кеңейту; сыни тұрғыдан ойлауын дамыту; өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • Спорт пен спортшылар туралы өз ойын жүйелі жеткізу.
  • Диалогтік әңгіме арқылы пікірін еркін айтуға дағдыландыру.
  • Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Олимпиада ойындары туралы түсінік беру арқылы ұлттық мақтаныш сезімін ояту.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі Дене шынықтыру

Қолданылатын модульдер

Жаңа тәсілдер

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

Сыни ойлау

Сыни тұрғыдан ойлау.

АКТ

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Көшбасшылық

Оқудағы басқару және көшбасшылық.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Жас ерекшелік

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Стратегиялық іс-әрекеттер

Миға шабуыл Топтық жұмыс Детальдарды қосу Жұптас – ойлан – бөліс Ментальді карта Конверт Басбармақ Бағдаршам Ыстық орындық Бүгінгі күннің сөйлемі Рефлексия Өзін-өзі бағалау Бірін-бірі бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен амандасу.
  • Кезекші сөзін тыңдау.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: шеңберге тұрып, «Дені сау болу үшін қандай ережелерді сақтау керек?» деген сұрақ қою және оқушыларға ережелерді айтқызу.
  • Эмблемалар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

  • «Жұптас – ойлан – бөліс» стратегиясы арқылы диалогты жатқа сұрау.
  • «Детальдарды қосу» және VEST технологиясы негізінде сөздік жұмысын тексеру.
  • «Сенімді тірек» әдісін қолдану.

Қызығушылықты ояту және тұсаукесер

«Миға шабуыл»

Слайд бойынша түрткі сұрақтар қойылады:

  • Слайдтан нені көрдік?
  • Сабақ басында топқа қандай белгі арқылы бөліндік?
  • Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (Спорт)
  • «Спорт» ұғымын қалай түсінесіңдер?

Ментальді карта

Оқушылар «Спорт» тақырыбы бойынша ментальді карта құрастырады: спорт түрлері, пайдасы, күнделікті әдеттер және Қазақстан спортшылары туралы ойларын жүйелейді.