Жүрісті есептеу жолдары нешеу

Сабақтың мақсаттары

  • 1

    Математикалық амалдарды қолдана отырып, жазбаша және ауызша есептеу тәсілдерін үйрету. Оқушыларды ой еңбегіне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге дағдыландыру.

  • 2

    Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту әрі қалыптастыру.

  • 3

    Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі

Өтетін орны

Мультимедиялық кабинет

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Диаграмма
  • Интерактивті тақта
  • Тоғызқұмалақ тақтасы

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқушылармен сәлемдесу.
    • Оқушыларды түгелдеу.
    • Дайындықтарын тексеру.
    • Назарларын сабаққа аудару.
    • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын түсіндіру.
  2. II. Жаңа сабақты түсіндіру

    Негізгі идея

    Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға түсетінін анықтау үшін берілген санды жазу тәртібімен талдап, есептеу ережелерін қолданамыз.

    Бірінші есептеу жолы

    A) Қосынды 10-ға жетпесе

    Қосындыдан 1-ді шегереміз.

    214 = 2 + 1 + 4 = 7 → 7 − 1 = 6

    B) Қосынды 10-нан артық болса

    Қосындыдан 10-ды шегереміз.

    713 = 7 + 1 + 3 = 11 → 11 − 10 = 1

    Екінші есептеу жолы

    Соңғы құмалақтың қай отауға түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз. Одан кейін төмендегі ережелердің тиістісін қолданамыз:

    • Егер қосынды 10 немесе 10-ға жетпейтін болса, қосындыдан 1-ді шегереміз.
    • Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды шегереміз.
    • Егер қосынды 20 немесе 20-дан артық болса, қосындыдан 19-ды шегереміз.

    915 = 9 + 15 = 24 → 24 − 19 = 5

    • Егер қосынды 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28-ді шегереміз.

    824 = 8 + 24 = 32 → 32 − 28 = 4

    • Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37-ні шегереміз.

    636 = 6 + 36 = 42 → 42 − 37 = 5

    Үшінші есептеу жолы

    Тірек сандар

    • 10 құмалақ болса — аттас отауға барып түседі.
    • 19 құмалақ болса — бір айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
    • 28 құмалақ болса — 1,5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.
    • 37 құмалақ болса — екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі.

    Тапсырма

    Берілген сандарды жүрісті есептеудің жолдарымен есептеп, нәтижесін дәлелдеңіз:

    315 712 524 217 819 921 737
  3. III. Жаңа сабақты бекіту

    Сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймыз:

    1. Жүрісті есептеу жолдары нешеу?
    2. Жүрісті есептеудің ең жеңіл жолын атаңыз.
    3. Үшінші есептеу жолындағы тірек сандарды атаңыз.
  4. IV. Үй тапсырмасы

    • Жүрісті есептеудің үш жолын оқып келу.
    • Жүрісті есептеу жолдары бойынша есептер шығару: 810, 726, 512, 336, 916.
  5. V. Сарамандық жұмыс

    Жаңа тақырыпты нақты түсіну үшін тоғызқұмалақ тақтасын қолданып, тәжірибе жүзінде ойнап үйренеміз.

  6. VI. Бағалау

    Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды орындаған оқушылардың жұмысын бағалаймыз.