Ұйқыда ғалам

Ұйқыда ғалам... Ұйқыда далам,
Отырмын сені әлдилеп.
Кішкентай адам, ең қымбат маған -
Ұйықтасын тыныш сәбилер!
Айымсың әппақ, өзің - күн, жұлдыз,
Тәп - тәтті сенің келбетің.
Ең ғажап шақтар: қайғысыз - мұңсыз
Балапаныңды тербету.
Әлди - ай бөпем, ұйықтай ғой, көкем,
Тыныш болсыншы заманың!
Арманы осы, тілегі осы
Әр ата, әрбір ананың.
Еліңді сүйіп, нәр алып өсші
Әкеңнің салған әнінен.
Өзіңді титтей, бауырыма тығып
Қорғағым келед бәрінен!
Аштықтан азып, алақан жазып
Сұрамасыншы сәбилер!
Соғысты көріп, көктей боп солып
Жыламасыншы сәбилер!
Ұйқыда ғалам. Ұйықта балам,
Сүйсінер саған анашың.
Өзің деп сүйем, кең жүрекпенен
Әлемнің барлық баласын.
Оятса сені күн нұры ғана
Оятып таңда әлдилер.
Өмірдің мәні - өздерің ғана,
Ұйықтасын тыныш сәбилер!

Авторы:
Назира Ермаханқызы,
Астана қаласы



Ұқсас жұмыстар

Упанишалардың құқықтық - этикалық поэмаларының негізгі мазмұны
«Әдебиет танытқышты» ХХ ғасыр басындағы әлемдік әдебиеттану ғылымының аясында
Наурыз мерекесі
Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Буынаяқтылардың классификациясы
ЖАДЫНЫ ЖАҢҒЫРТУ
Ақжан Әл – Машани және Геомеханика
Сөз образдар дүниенің тілдік бейнесін жасауға қатысатын тілдік бірліктер
Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі
Біз - бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз
Жайлап ашылған есіктің болмашы сықыры, күннің алай - түлей ғаламат күркіріндей боп естілді бізге
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне
Үшінші тарауда ғаламдық жағдайдағы ұйымның айналым активтерін басқаруын жетілдіру
Кітапханалық және ғаламторлық іздеу
Талғамы заңғар замандаатағы кеткен ғаламғаелімніңару қыздары
Жер күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар
Арифметика ғаламшарына хош келдіңіздер
Ғаламтордың пайдасы және зияны
Көкте түрлі жолақты, өрнек тұрды ғаламат