Менің сүйікті ойыншықтарым
Сабақ туралы мәлімет
Білім саласы
Қатынас
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Менің сүйікті ойыншықтарым
Мақсаты
- Ойыншықтардың түрлері мен түстерін таныстыру.
- Тақпақ айту арқылы тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.
- Қабылдау мен есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Ойын арқылы қызығушылықты арттыру.
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік көрсету, түсіндіру, әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Көркем сөз қолдану
Көрнекіліктер
Сабақтың басталуы
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане, қонақтармен жақсылап амандасайық.
Шаттық шеңбері
Кішіге де сіз, Үлкенге де сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз.
Сәлем, күн — анамыз, Бүгін бәріміз қуанамыз. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықсын бүгін күн!
Ойын: «Көбелек гүлге қонады»
Ойынның шарты: сендер — гүлсіңдер. Көбелек ұшып келіп бір гүлге қонады. Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Ауа райы қандай болады?
- Сүйікті ойыншығың қандай?
Тақырыпқа кіріспе ойындар
Ойын: «Ненің суреті жасырылған?»
Ойын шарты: өздеріңе ұнаған пішінді таңдаңдар. Оның артында аяқталмаған сурет болады. Сол суреттің ненің суреті екенін табыңдар.
Балалар, бұлар ненің суреттері? Ойыншықтардың.
Әңгімелесу
Балалар, сендер үйде және балабақшада не істейсіңдер? Немен ойнайсыңдар?
Бүгін біз сүйікті ойыншықтарымыз туралы сөйлесеміз.
Ойыншықпен қалай ойнау керек екенін білеміз бе?
Бұл керемет ойыншықтардың бәрі балалар үшін жасалады. Олар үлкендердің еңбегімен пайда болады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білесіңдер ме? Ендеше, мұқият қарайық.
Ойыншық түрлері (материалы бойынша)
-
Пластмасса
Жеңіл, түрлі түсті, пішіні әртүрлі.
-
Резеңке
Иілгіш, жұмсақ, суға төзімді.
-
Мата
Жұмсақ, құшақтауға ыңғайлы.
-
Ағаш
Берік, табиғи, қолмен ұстауға жайлы.
-
Темір
Мықты, ұзаққа шыдайды, көбіне техника ойыншықтарында кездеседі.
Енді өз ойыншықтарыңның неден жасалғанын айта аласыңдар ма?
Сергіту сәті
Тікірейіп екі құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. Секірем деп үстелден, Құлап жүрме, мысығым.
Осы кезде есік қағылады. Сайқымазақ достарымен бірге келеді.
Кейіпкерлердің келуі: «Ойыншықтарға тіл бітеді»
Сайқымазақ
Балалар, мені таныдыңдар ма? Достарым сендерге өз ойларын айтқысы келеді. Есту үшін менің сиқырлы сөздерімді қайталаңдар: «Рэкс, Пэкс, Фукс!»
Аю
Мен балқұмар аюмын, қорбаңдайтыным рас. Ойнағанды ұнатамын, тек өтінемін: құлағымнан тартпаңдар.
Күшік
Мен күшікпін: «аф-аф!» Сендерді қорғаймын, тек құйрығымнан тартпаңдар.
Қуыршақ
Мен әдемі қуыршақпын, қыздарды жақсы көремін. Тек шашымнан тартпаңдар.
Қорытынды уәде
Балалар ойыншықтарына ұқыпты қарауға және бәрімен дос болуға уәде береді.
Ойын: «Ойыншықты сипатта»
Ойын шарты: ортаға шыққан баланың көзін байлаймыз. Қолына ойыншық ұстатамыз. Бала ойыншықты қолымен сипап көріп, оның қандай ойыншық екенін атайды.
Тәрбиешінің үлгісі: ұқыптылық туралы
Мен де өзіммен бірге сүйікті ойыншығымды алып келдім. Кішкентай кезімде осы ойыншықпен ойнағанмын. Ойыншығымды әрдайым ұқыпты ұстап, таза ойнадым. Қараңдаршы, әлі де жап-жаңа, тап-таза.
Сендер де ойыншықтарыңды таза, ұқыпты ұстаңдар.
Сабақты аяқтау
Қоштасу
Орнымыздан тұрайық, Түзу сызық құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау-саламат болайық!
Балаларды мадақтау.