Музыкалық репертуар
Музыка жетекшісі
Басшиева Л. К.
Мақсаты
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын және шығармашылығын нығайту; музыканы мұқият тыңдап, ести білуге және ырғақты ажырата білуге үйрету. Музыкаға әсерлену қабілетін дамыту, дыбыс биіктігін ажыратуды жетілдіру, музыкаға қызығушылықты арттыру. Әуен ноталарын түстеріне қарай ажырата білуге үйрету.
Музыкалық репертуар
- В. Тюльканов — «Марш» (сәлемдесу жаттығуы)
- Г. Абдарахманова, Н. Шахина — «Қандай ырғақ»
Сабақ барысы
Балалар музыка залына марш екпінімен кіреді. Амандасу жүргізіледі. Шеңберде марш ырғағымен қимыл-қозғалыс жасалады.
Құлаққа арналған тыныс жаттығуы
Музыканы зейін қойып тыңдау үшін тынысымызды реттейміз: мұрынмен дем алып, қолымыздағы «гүлді» ақырын үрлеу арқылы демді үнемдеп сыртқа шығарамыз.
Дауыс жаттығулары
«Ля» дыбысы
Ля-ля, ЛЯ-ЛЯ, ля-ля-ля.
«Ми» дыбысы
Ми-МИ, ми-ми-ми; Ми-МИ, ми-ми-ми.
Жарасып тұр сәніміз,
Ән шырқайық бәріміз.
Естіген жұрт таң қалсын,
Әдемі ән шырқалсын.
Ноталар және түстер: кемпірқосақпен таныстыру
Педагог балаларға сурет көрсетіп, кемпірқосақтың түстерін еске түсіреді. Музыка әлемінде де 5 сызықтан тұратын нота сызығына (скрипка кілтімен) 7 нота орналасатынын түсіндіреді. Әр нота белгілі бір түспен белгіленеді және өзіне сәйкес дыбысталады.
7 нотаға сәйкес түстер
Ойындар арқылы бекіту
Ойын: «Ноталар үйіне қонаққа барамыз»
Саусақ қимылдары арқылы «ноталар үйіне» моншақтарды орналастыру. Бұл тапсырма ұсақ моториканы, зейінді және түстерді сәйкестендіруді дамытады.
Қысқа үзіліс
Балалар аздап отырып демалады.
Ойын: «Қандай ырғақ?»
Педагог мәтінді айтады, ал балалар аспаппен ырғақты дәл қайталайды.
1-үзінді
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Тоғайда көп тоқылдақ,
Үн естілді тоқылдап.
Тоқ-тоқ-тоқ, тоқ-тоқ-тоқ.
2-үзінді
Даңғыраны ұр қатты,
Дәл қайтала ырғақты.
Күн күркіреп жарқылдап,
Бұршақ жауды сартылдап.
Сарт-сарт-сарт-сарт, сарт-сарт-сарт-сарт-сарт.
Кері байланыс
Жарайсыңдар! Рахмет!
Ойын: «Көңілді ноталар»
Балалар шеңбер құрып отырады. Түстерді ретімен орналастырады. Әр балаға 7 нота салынған қаптама беріледі, жетекшінің айтуымен нота-түстерді тиісті орынға қояды. Соңғы нота қойылған соң, балалар орындарынан тұрады.
Нәтиже сұрағы
«Құрастырған түстерден қандай бейне көріп тұрмыз?»
(Кемпірқосақ)
Қимыл-қозғалыс тапсырмасы
Енді осы түстерді (яғни ноталарды) аяқ қимылы арқылы тауып, белгіленген түстерге басып өтеміз. Тапсырма ырғақты сезінуді және бағдарлауды күшейтеді.
Қорытынды бөлім
Педагог балалардан оқу іс-әрекеті ұнаған-ұнамағанын сұрайды. Балаларға «көңілді ноталар» таратылып, қонақтарға өз көңіл күйін ноталар арқылы көрсету ұсынылады. Соңында балалар марш екпінімен залдан шығады.
Күтілетін нәтиже
-
Біледі
Нота туралы бастапқы мағлұматтарды.
-
Игереді
Ойындар арқылы нота дыбыстарын, түстерін ажыратып, нота сызықтарына орналастыруды.
-
Меңгереді
Нота туралы түсінікті ұғына отырып, музыкалық ойын әрекеттерін орындау дағдыларын.