Аяныш - Ілияс ЖансүгіровӨлең қурап, жер кеуіп, Су суалып, көл кеміп, Сай - саладан шөп кетті

Аяныш - Ілияс Жансүгіров

Өлең қурап, жер кеуіп,
Су суалып, көл кеміп,
Сай - саладан шөп кетті.
Ағайын арзан, ел салқын,
Қатын қайқаң, ер салқын,
Кеңесті тастап көп кетті.
Телі - тентек көбейіп,
Құлдың арты шөмейіп,
Арамның оғы дөп кетті.
Сулы жерді көгерген,
Келгін алды өлермен,
Қазақ бақты көкпекті.
Бұйда тағып басына,
Мойнына мініп асыла,
Иіп жерге шоқ депті.
Алатұяғын аңына,
Керек қылған қамына
Кімдер арын төкпепті?
Аспандағы айдан нұр алып,
Бермеске қоймай сұранып,
Өнерлі халық көктепті.
Өзіне - өзі ой салмай,
Елшілерге бой салмай,
Қайттың болмас көкбетті.
Көктен түскен шегіртке,
Қыңыр келіп үмітке
Ел егінін жеп кетті.
Жаздай жатып жайланып,
Күзге таман оянып,
Қазақ кімге өкпе етті?!



Ұқсас жұмыстар

Бастауыш сынып оқушыларына оқу – тәрбие процесінде экологиялық тәрбие беру мәселелері
Тастақ шөл өсімдіктері
Қазақстандағы ең ірі теңіздің қазіргі экологиялық ахуалы
Концепт туралы түсінік
Жайық өзені
Орманды даланы мекендеуші жануарлардың бәрі даланың немесе орманның немесе көлдің батпақтың жануарлары
Қазақстанның табиғат жағдайы
Арал тағдыры - адам тағдыры
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Балқаш өңірі
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Балқаштың экологиялық ахуалы
ШЫҢҒЫСҰЛЫ ЖОШЫ ХАН
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
ДУЛАТ ХҰСАЙЫНҰЛЫ МҰХАММЕД ХАЙДАР
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері