Діни баталарҚұдайдың құлымын дегейсің, Мухаммед үмбетімін дегейсің

Діни баталар
Құдайдың құлымын дегейсің,
Мухаммед үмбетімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Имам ағзамның қауымында қыл,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта,
Намаздың қазасынан сақта.
Пайғамбардың туында қыл,
Аузы кәусардың суында қыл,
Иман байлығын бер,
Деннің саулығын бер!
Әумин!

***
Е, Құдайым оңдасын,
Оң жолыңа бастасын.
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Мал иесі Мухаммед!
Жан иесі хазірет,
Не тілегін әзір ет,
Еткен ниетін қабыл ет!
Әумин!

***
Тәңірім өзі оңдасын,
Әулиелер қолдасын.
Дүниедегі ізгілік
Алдыңнан шығып қарсы алсын.
Тар қабірің кең болсын,
Күндізгідей күн күлсін,
Шамшырағын жаққандай,
Тас қабірдің ішінде
Тас бүркеніп жатсаң да,
Рахатқа бата гөр,
Күн шығып, таң атқандай.
Жаннатта жаның жай тапсын,
Жаратқан жаппар құдірет,
Көп батасын қабыл ет,
Күнәдан пәк жандардың
Ақ тілегін мақұл ет!
Әумин!

***
Әуелі Алла оңдасын.
Пайғамбар болсын жолдасың.
Өткендерді ойласаң.
Аруақтар қолдасын.
Сыртыңнан ғайбат айтқан жан
Тап өзіңдей болмасын.
Ризығың, дәулетің қолыңнан кетпесін.
Иманың жерге жетпесін.
Қайырлы ғып дәулет берсін,
Өмірлі ғып перзент берсін.
Анам деп есіне алған жанды
Екі жалғанда қорғаушы боп,
Пайғамбар қасына алсын!
Әумин!

***
Міне бата, ақ ниет,
Бола берсін берекет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақырет.
Құлшылық қыл Аллаға,
Қыл көпірден таймай өт!
Кірсін дәулет,
Шықсын бейнет,
Алла атымен ниет ет.
Жоқ - жітікке рақым ет.
Тәңір сені қолдасын,
Уайым - қайғы болмасын.
Қабыл болсын, оразаң,
Әулетіңді оңдасын!
Әумин!



Ұқсас жұмыстар

Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары туралы
Характер мен жағдайдың байланысы
9 мамыр
Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен идеялары
ДУЛАТ ХҰСАЙЫНҰЛЫ МҰХАММЕД ХАЙДАР
НҰРМҰХАММЕДҰЛЫ ЖАНҚОЖА
ТЫНЫШБАЕВ МҰХАММЕДЖАН
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Құран Кәрім Ислам дінінің негізгі көзі.
Християн дінінің пайда болуы
Көне грек діні
Христиан діні
Түркі халықтарының ежелгі діни сенім- нанымдары
Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер