Құлақтың құрылысы
Сабақтың тақырыбы
Қаңқаның бөлімдері, маңызы, құрылысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың қаңқаның жеке бөліктерімен және тірек-қимыл жүйесімен танысып, оның маңызын түсінуі.
Дамытушылық
Тірек-қимыл жүйесі бойынша білімді өз бетімен ізденіп меңгеру және оны әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік
Ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
- Сүйектің бөлімдері көрсетілген суреттер
- Флипчарт
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа материалды меңгеру
- Сабақтың әдісі
- СТО (дамыта оқыту)
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа дайындау, оқу құралдарын тексеру, жұмысқа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Сезім мүшелері» тарауы бойынша тапсырмалар орындалады.
1-тапсырма. Биологиялық диктант
Оқушының жауабы бос орындарды көрсету арқылы тексеріледі.
- 1. Көз алмасы ақ қабық, тамырлы қабық және тор қабықтан тұрады.
- 2. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал рецепторлар — құтышалар мен таяқшалар орналасқан.
- 3. Есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып бөлінеді.
- 4. Есту сүйекшелері (балғашық, төстік, үзеңгі) буын арқылы қозғалмалы байланысқан.
- 5. Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді.
- 6. Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан.
- 7. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді.
- 8. Адамда тепе-теңдік мүшесі ішкі құлақта орналасқан.
- 9. Қарашықтың артқы бөлігінде линза тәрізді көзбұршақ орналасқан.
- 10. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды.
2-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс
Дұрыс жауап бос орындарға сәйкес суретті көрсету арқылы тексеріледі.
- Көз алмасының құрылысы
- Құлақтың құрылысы
- Дәм сезу мүшесінің құрылысы
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Қызығушылықты ояту: ой шақыру
Сұрақ: Адам денесінің негізгі тірегі не?
Оқушылар ойланып, адамның суреті арқылы қаңқа көрсетіледі.
Талқылау: «Адам қаңқасы туралы не білеміз?» деген сұрақ бойынша кестенің алғашқы екі бағаны толтырылады.