ББҮ кестесі
Сабақтың тақырыбы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр-сырын меңгерту, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан-жақты талдау жасауға ықпал ету.
Дамытушылық
Салыстыру арқылы талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, өз пікірін еркін әрі дәлелді жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік
Ақынның өмірі мен еңбегінен үлгі алып, елін, туған жерін, тілін қадірлеуге баулу.
Сабақтың міндеттері
Мазмұнға байланысты
- Өз бетінше іздену.
- Мәтін мазмұнын меңгеру.
СТО-ға байланысты
- Ақын өмірі мен шығармашылығынан өнеге алу.
- Тақырыпты бүгінгі өмірмен салыстыра қарастыру.
Топтық жұмысқа байланысты
- Жеке, жұпта және топта жұмыс жасау.
- Бір-бірін тыңдай білу мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- Әр оқушы өз бетінше іздене алады.
- Мәтін мазмұнымен танысып, ақын өмірі туралы негізгі ақпараттарды меңгереді.
- Өз ойын, көзқарасын ашық айтып, пікірін дәлелдеп, қорғай алады.
- Тыңдау әдебін сақтауды үйренеді.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекілігі
- Ақын портреті.
- Шығармалар жинағы.
- Тірек сызбалар.
- Интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын аудару.
- Сыныпты үш топқа бөлу:
I топ
Алғырлар
II топ
Тапқырлар
III топ
Білімділер
II. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, қорыту
I топ
М. Дулатов туралы қосымша деректер.
II топ
Ақын өлеңдерін жатқа оқу.
III топ
«Ана» тақырыбына эссе жазу.
III. Жаңа сабақ
1-саты
Қызығушылықты ояту
ББҮ кестесі арқылы: «М. Жұмабаев туралы не білеміз?» сұрағына сүйеніп ой қозғау, қосымша мәліметтер тарату.
2-саты
Мағынаны тану
Мағжан Жұмабаев (1893–1938) Солтүстік Қазақстан облысында, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында, Сасықкөл жағасында дүниеге келген.
Ол — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, философ-ақын. 1912 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Шолпан» жарық көрді. Шығармаларының қатарында «Қорқыт» поэмасы бар.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы» еңбектерін жариялаған.
Ол И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. В. Кольцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, А. А. Блок, Д. Н. Мамин-Сибиряк және басқа да қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін қазақ прозасына енгізуге ықпал етті.
Бұл бөлімде ақынның өмір жолын жүйелеу үшін хронологиялық кесте құрастыру ұсынылады.
3-саты
Ой толғаныс
Сабақ соңында тірек сызбалар арқылы қорытынды жасалып, «Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдім?», «Неге үйрендім?» сұрақтары бойынша рефлексия жүргізіледі.
Интерактивті жұмыс
«Дыбыстар сөйлейді» кестесін толтыру және негізгі ұғымдарды бекіту.
Топтық тапсырмалар
1-тапсырма
Топтастыру әдісі.
2-тапсырма
Бес жолды өлең әдісі.
3-тапсырма
Кейіпкерге хат.
Мағжан туралы көзқарас: М. Әуезов пікірі
«…Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан… Бұдан соң Мағжанды сүйемін, еуропалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан — мәдениеті зор ақын».
Қорытынды
Сабақ барысында көрнекті ақын, жазушы, публицист және қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі — Мағжан Жұмабаевтың қысқаша өмірі мен шығармашылығы қамтылып, оқушылар өз ой-пікірін ортаға салуға мүмкіндік алады. Мақсат — қызығушылықты арттырып, білімді бекіту және ой қорыту дағдысын қалыптастыру.