Орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем

Пән туралы ақпарат

Қаржы және салық құқығы

Тобы
7, 14, 21
Сабақтың тақырыбы
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Салық органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін терең түсіндіру; сондай-ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерін жан-жақты меңгерту.

2) Тәрбиелілік

Студенттерді құқықтық сауаттылыққа, топпен жұмыс істеуге, пікірін ашық айтуға, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, алғырлыққа және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

ҚР Салық кодексі мен «Салық және салық салу» оқулығына сүйене отырып, ойлау қабілетін және сөздік-шығармашылық дағдыларын дамыту. Сонымен қатар ҚР Салық кодексімен тиімді жұмыс істеу білігін қалыптастыру.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап алмасу
  • Талқылау
  • Деңгейлеп тексеру

Көрнекіліктер мен материалдар

  • ҚР Конституциясы
  • ҚР Салық кодексі
  • «Салық және салық салу» оқулығы
  • Слайдтар мен видео
  • Буклеттер
  • Сұрақтар жасырылған карточкалар
  • Тест тапсырмалары
  • Ойын элементтері
  • Интерактивті тақта
  • Сабақ барысынан фотолар (плакат)
  • Баллдық жүйе көрсетілген плакат

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Студенттермен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысуды түгендеу.
  • Бөлменің тазалығын тексеру.
  • Назарды сабаққа аудару және сабақты бастау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Топқа берілген видеоролик негізінде міндетті төлемдер ұғымдарын (салық, алым, төлемақы, мемлекеттік баж) түсіндіру барысында студенттердің рөлдік жұмысын бақылап, қорытындылау.

2) Мысалдар арқылы өткен тақырыпты бекіту және қорытындылау.

3) Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалары арқылы деңгейлеп тексеру.

Бекіту сұрақтары (мысалдар)

Төмендегі сұрақтар міндетті төлемдердің түрлерін ажыратуға арналған. Жауаптар жақша ішінде берілген.

  1. 1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем?

    Төлемақы
  2. 2. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем?

    Төлемақы
  3. 3. Орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем?

    Төлемақы
  4. 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем?

    Төлемақы
  5. 5. Автокөлік құралдарының ҚР аумағымен жүргені үшін төленетін төлем?

    Алым
  6. 6. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін төлем?

    Алым
  7. 7. Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын төлем?

    Мемлекеттік баж
  8. 8. Азаматтық хал актілерін тіркегені үшін алынатын төлем?

    Мемлекеттік баж
  9. 9. ҚР азаматтығын алу, қалпына келтіру және тоқтату бойынша алынатын төлем?

    Мемлекеттік баж
  10. 10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін алынатын төлем?

    Мемлекеттік баж

Тест тапсырмалары (I нұсқа)

Әр сұраққа бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

Деңгейлік тексеру Қайталу

1. Ақша айналымы ұғымын көрсетіңіз

  • A)Ақшаның айналымдағы қозғалысы, яғни айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі.
  • B)Мемлекеттің халықаралық есеп айырысу мәмілелері.
  • C)Валюталық құндылықтармен байланысты мәміле.
  • D)Нормативтік-құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары.

2. Валюталық реттеу түсінігін анықтаңыз

  • A)Нормативтік-құқықтық негізі бар, мақсатты, салыстырмалы әрекет ететін қаржы ресурстары.
  • B)Мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызмет.
  • C)Ақшаның айналымдағы қозғалысы, яғни айналым және төлем құралы ретінде қызмет етуі.
  • D)Дұрыс жауап көзделмеген.

3. Бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет қалай аталады?

Бюджетті әзірлеу, жоспарлау, бекіту, қарау, атқару, нақтылау және бақылау жөніндегі қызмет.

  • A)Бюджеттік келісім.
  • B)Бюджеттік жүйе.
  • C)Бюджеттік процесс.
  • D)Бюджеттік құрылым.

4. Кіріс дегеніміз

  • A)Орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөлу.
  • B)Мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету.
  • C)Мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынас.
  • D)Бюджет элементтері мен құқықтарының жиынтығы.

5. Венчурлық кәсіпорын дегеніміз

  • A)Ғылыми-зерттеулермен, жаңалықтар ашумен және енгізумен шарт негізінде айналысатын шағын кәсіпорын.
  • B)Заңды тұлға құқығы бар, бірақ жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын.
  • C)Меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын.
  • D)Жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.

6. Экономикалық-математикалық әдіс дегеніміз

  • A)Қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу.
  • B)Жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады.
  • C)Ұзақ мерзімді болжау үшін әртүрлі есептеу нұсқалары қолданылады.
  • D)Шығындарды жабу үшін қолданылатын әдіс.

7. Нормативтік әдіс — бұл

  • A)Қаржылық көрсеткіштерді, олардың өсу және төмендеу динамикасын белгілеу.
  • B)Жоспарлық қаржылық көрсеткіштер бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде жүзеге асырылады.
  • C)Ұзақ мерзімді болжау үшін әртүрлі есептеу нұсқалары қолданылады.
  • D)Шығындарды жабу үшін қолданылатын әдіс.

8. Қаржы министрлігі құрылымындағы департамент пен комитет саны

  • A)19 департамент, 6 комитет.
  • B)6 департамент, 10 комитет.
  • C)10 департамент, 5 комитет.
  • D)11 комитет, 6 департамент.

Қосымша материалдар

  • «Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі» тақырыбы бойынша материалды жүктеу.
  • «Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі» тақырыбы бойынша слайдтарды жүктеу.