Әмір Темірдің генеологиясы

7-сынып • Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

§26. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

Бұл сабақта Әмір Темірдің өмірі мен саяси қызметі, Алтын Орда мен Моғолстанға жасаған жорықтары және олардың қазақ жеріне тигізген салдары талданады. Оқыту презентация, карта және кестемен жұмыс арқылы жүргізіледі.

Сабақтың ұраны

«Көк тәңірі – Тәңірінің, тұқымы жоқ, заты жоқ. Жер тәңірісі Темірдің, тұқымы түрік, заты от.»

М. Жұмабаев

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік: Әмір Темір, оның жорықтары және қазақ халқына әкелген зардаптары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: тарихи оқиғаларды саралап, қорытынды жасауда тарихи-саяси сауаттылыққа баулу.
  • Дамытушылық: дерекпен жұмыс істеу, тарихи талдау және салыстыру дағдыларын дамыту.

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Жаңа білімді қалыптастыру
Әдістер
ынтымақтастық, сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, еске түсіру
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті
Көрнекілік
слайдтар, жорықтар картасы, XIV–XV ғғ. мемлекеттік құрылымдар картасы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсаты мен жұмыс форматын қысқаша таныстыру.

II. Жаңа сабақ

Жоспар

  1. 1 Әмір Темірдің өмірбаяны генеологиясы; дүрбелең дәуір тұлғалары; Әмірдің ұрпақтары; біз білетін және білмейтін деректер (сыныппен талдау); елтаңбасы, туы және ұраны.
  2. 2 Алтын Орда жеріне жорықтары (картамен жұмыс)
  3. 3 Моғолстан хандығына жорықтары (картамен жұмыс)
  4. 4 Жорықтардың зардаптары (кесте/сызба)
  5. 5 Қазақ еліндегі тарихи іздері және қағидалары (слайдтар)

Түсіндіру және салыстыру

  • Слайд арқылы Әмір Темірдің шыққан ортасы, көрші елдермен қарым-қатынасы және жаугершілік жорықтары түсіндіріледі.
  • Әртүрлі дәуірдегі қолбасшылар мен билеушілердің жаугершілік әрекеттері салыстырылып, оқушылар талдауға тартылады.
  • «Біз білетін және білмейтін деректер» сызбасы сыныппен бірлесіп толтырылады.

«Әмір Темір туралы не білеміз?»

  • Түркі халықтарымен сабақтас тарихи ортадан шыққан тұлға.
  • Кең аймақтарға ықпалын жүргізген билеуші ретінде танылады.
  • Ұзақ жылдар бойы билік жүргізіп, әскери-саяси жүйе қалыптастырды.

Нақты деректер презентация материалдары бойынша толықтырылады.

Картамен жұмыс: Алтын Ордаға жорықтар

Сұрақ 1

Алтын Орданың аумағын картадан көрсетіңіз.

Сұрақ 2

Алтын Ордамен көршілес елдерді белгілеңіз.

Сұрақ 3

Неліктен Әмір Темір Ақ Орданы әлсіретуге ұмтылды?

Картамен жұмыс: Моғолстанға жорықтар (1371–1372 жж.)

Моғолстан хандығына бағытталған жорықтардың себептері мен бағыттары картадан көрсетіліп, саяси нәтижелері талданады.

Жорықтардың зардаптары: сызба-кесте

Оқушылардың көмегімен жорықтардың демографиялық, экономикалық және саяси салдарын жинақтайтын кесте толтырылады.

Тарихи іздер және қағидалар: Түркістан және рухани мұра

Слайдтар негізінде Әмір Темір дәуірімен байланысты нысандар мен идеялар талданып, тарихи жадыдағы орны айқындалады.

Талқылау сұрақтары (Қожа Ахмет Иассауи кесенесі)

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада орналасқан?
  2. Ғимарат қай ғасырда салынған?
  3. Кесене неше бөлмеден тұрады?
  4. Қай ғасырдан бастап әйгілі адамдар осы кесенеге жерлене бастады?
  5. Түркістан не себепті «рухани астана» аталды?
  6. Неліктен «Екінші Мекке» деп аталады?

Әмірдің «12 қағидасы» бойынша талдау жүргізіліп, жалпы түркі және қазақ халқына ортақ қасиеттер мен құндылықтар туралы қорытынды жасалады.

Сонымен қатар Бәйдібек бидің жары, көріпкел Домалақ ана (Нәзира ана) Әмірдің өлімі туралы ескерткені және Әмірдің 1405 жылы Отырарда қайтыс болғаны туралы дерек түсіндіріледі.

III. Сабақты бекіту

«Әмір Темір туралы халықтың теңеулері және біздің пікіріміз» тақырыбындағы слайд толықтырылады: оң бөлігін оқушылар өз тұжырымдарымен толтырады.

Оқушыларға «Түртіп алу» кестесі ұсынылып, негізгі ойлар жинақталады.

Қорытындылау кезінде сабақтың ұраны қайта оқылып, талдау жасалады. Ә. Бөкейханов пен М. Шахановтың пікірлері салыстырылып, тарихқа ру, жүз немесе ұлтшылдық тұрғысынан біржақты қарауға болмайтыны, тарихтың жікшілдікті көтермейтіні туралы тұжырым жасалады.

IV. Бағалау

Оқушылардың білімін критерий бойынша саралау және кері байланыс беру.

V. Үй тапсырмасы

  • §26 тақырыбын оқу, негізгі ұғымдарды қайталау.
  • Тақырып бойынша тест сұрақтарын құрастыру.
  • Оқушылардың «нені білгім келеді?» деген сұранысына сай қосымша тапсырмаларды орындау.