Тары туралы

Тарих • Еңбек • Диқандылық 136 жыл

Ақ тарының атасы — Шығанақ Берсеев

Шығанақ Берсеев 1881 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келген. Оның ғұмыры — шөлейт өңірде де берекелі өнім алуға болатынын дәлелдеген табандылық пен еңбек тарихы.

Өмір жолы: еңбекпен шыңдалған тағдыр

Он алты жасқа дейін Көкжар жәрмеңкесіндегі шайханада жұмыс істеген. 23 жасында, 1904 жылы, Қобда бойындағы бір байдың жерін жыртып, егінін орып, еңбекақысына тары алады. Сол тарыны інісі Таңатарға әкеліп береді.

Кейін өзі Хұсайын есімді татарға тері-терсек жинаушы болып жалданады. Тек 1917 жылы Таңатар дүниеден өткеннен кейін ғана егіншілікке біржола бет бұрады.

1920

Тарыны сақтап қалған екі ұра

1920 жылғы өнімді жиған соң, екі жерден ұра қазып, 20 пұт тары көміп қояды: бірін үйінің ішінде, екіншісін қырда. Отбасымен Қарақалпақстанға көшіп кетеді. Үш жылдан кейін қайтып келгенде, туыстары үйін сатып жібергені белгілі болады. Сатылған үйін 1936 жылы қайта алады. Сол кезде ұраларды қазып қараса, көмілген тары сол күйі сақталған болып шығады. Осыдан кейін диқандық кәсібіне қайта кіріседі.

Рекордқа жетелеген тәртіп: әдіс, іріктеу, күтім

Шығанақ Берсеев 1932–1944 жылдары Құрман ұжымшарында звено жетекшісі болып еңбек етті. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, оның звеносы ұзақ жылдар бойы тарыдан аса мол өнім алды.

1940

125

центнер

1941

150

центнер

1942

175

центнер

1943

204

центнер

Жоғары нәтижеге жеткізген негізгі қағидалар

  • Тары тұқымын қыс бойы әзірлеп, баптау.
  • Тұқымды мұқият іріктеу.
  • Көктемгі егісті дер кезінде жүргізу.
  • Егінді тұрақты баптап-күту.
  • Орақты ысырапсыз, ұқыпты өткізу.

Осы ұжымшардан Берсеевтің іс-тәжірибесін үйреніп, тары өсірудің шеберлері — «берсеевшілер» қалыптасты.

Соғыс жылдарындағы үлес және қозғалыстың кеңеюі

Ұлы Отан соғысы (1941–1945) жылдары Шығанақ Берсеев әскери ұшақ жасау үшін мемлекеттік қорғаныс қорына қаражат аударып, өз табысынан тары өткізді.

1950–1980 жылдары республика тары өсірушілері арасында берсеевшілер қозғалысы кең өріс алды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және басқа өңірлерде арнайы звенолар құрылып, Берсеевтің озық тәжірибесіне сүйене отырып, тарыдан мол өнім алуға қол жеткізілді.

Берсеевшілер қозғалысын бастаушылар (аудан-аудан бойынша)

Ойыл ауданы

Зәуре Баймолдина, Ақбала Берсеева, Қашқын Соқыров, Таған Ұзақбаев, Балмұқан Ақабаев

Қобда ауданы

агроном Ивченко, Әзима Бектенова

Ырғыз ауданы

Өксікбай Ашамбаев, Қойлыбай Белесов

Мәртөк ауданы

агроном Неженцева

Тарының қадірі: халықты аман сақтаған дақыл

Қазақ халқы XX ғасырдың 20–30 жылдарында малдан айырылып, нанның молаюы елде тек 50–60 жылдары ғана байқалды. Осы екі аралықта жұртты асыраған, аман сақтаған — тары.

Халық даналығындағы тары

«Шайға салсаң — сүт, сүтке салсаң — май», «Бидайдан бір тамғанда, тарыдан Берсеев екі тамады» деген сөздер тегін айтылмаған.

Тағам түрлері

  • Етке қоссаң — нан.
  • Су мен сүтке араластырсаң — қымыздай көже.
  • Үгіп майға салсаң — жент (тәтті, нәрлі халуа).

Мағынасы

Шығанақ тарыдан мол өнім алудың жолын рекорд үшін емес, елді тойындыру үшін іздеді. Жеке үлгісімен мыңдаған адамды егіншілікке жұмылдырып, жұртын ашаршылық тырнағынан арашалап қалуға үлес қосты.

Даңқы, мойындалуы және естелік

Шығанақ Берсеевтің даңқы Кеңес Одағы шеңберінен асып, шетелге де жетті. Америкалықтар оны «Тары докторы» деп атаған.

Еңбегі уақытында лайықты бағаланды: 1940 жылы Ленин орденімен марапатталды, Сталиннің алғыс хаттарын алғаны да айтылады.

Шығанақ 1944 жылы дүниеден өткенде, ауыр кезеңге қарамастан, оның есімін құрметтеу мақсатында Ақтөбе қаласында ескерткіш орнату, студенттерге Шығанақ атындағы стипендия тағайындау, рекорд жасалған жерге белгі қою, шығармалар жазу секілді шараларды көздеген қаулы қабылданған.

Қазіргі естелік нысандар

  • Ойыл ауданында Берсеев атындағы орта мектеп, мұражай және ескерткіш бар.
  • Ақтөбе қаласында Шығанақ Берсеевке ескерткіш орнатылған.
  • 2005 жылы «Жазушы» баспасынан журналист Идош Асқардың «Шығанақ. Қазақ елінің еңбек паспорты» атты кітабы жарық көрді.

Әдебиеттегі ізі: тары туралы поэма және дерек

Кеңестік қаламгер Геннадий Фиштің «Болмысты болдырған» атты әңгімесінің ізімен 1950 жылы неміс романисі, ақын әрі драматург Бертольт Брехт «Тары» атты поэма жазған.

Брехт Қазақстанда болмаған, Шығанақ Берсеұлын көрмеген. Геннадий Фиштің әңгімесі 1948 жылы «Огонек» журналының 43–44 сандарында жарияланған.

Мәтіндегі жыр жолдары (іріктелген үзінді)

Дәуірге жетті қайырлы Ойылдың көне даласы,

Болғанмен оты байырғы, отынның керек жаңасы.

Бұл тары көшпенді елдің дақылы еді,

Төзімді аңызаққа, түсімі мол — диқанға сонысымен мақұл еді.

Автор туралы мәлімет

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №15 орта мектептің география пәні мұғалімі — Қалиева Жанар Алдамжарқызы.

Назарларыңызға рахмет!