Мәтінді меңгерту
Сабақ тақырыбы
Ш. Айтматов: «Атадан қалған тұяқ»
Мақсаты
- Мәтінді меңгерту, идеясын ашу, мәтінмен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа сөздерді меңгерту. Ұлы Отан соғысы туралы ұғым қалыптастыру.
- Ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды бірлесе орындауға, топ ережесін сақтауға, өз пікірін және өзгелердің пікірін құрметтеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
- Өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізе алады.
- Шығармашылық қабілеті дамиды.
- Мәтінмен жұмыс жасау дағдысы нығаяды.
Оқыту технологиясы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Қажетті құралдар мен көрнекіліктер
- Мультимедиалық проектор
- Компьютер
- Постерлер
- Маркерлер
- «Ана тілі» 4-сынып оқулығы
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- 1, 2, 3, 4 деп санау арқылы оқушыларды топқа бөлу.
- Әлия, Мәншүк, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин туралы слайдтарды көрсету және оқушылардың пікірін тыңдау.
Топтық тапсырмалар
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мақсат — тарихи деректерді еске түсіру және тақырыпқа кіріспе жасау.
1-топ
Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
2-топ
Соғыс кезінде Қазақстан қандай мемлекет құрамында болды?
3-топ
Ұлы Отан соғысының батырлары кімдер?
4-топ
Соғыс кезінде қандай қалалар жау қоршауында болды?
Жаңа тақырыпқа көшу
Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Ш. Айтматов — «Атадан қалған тұяқ».
Оқушылардың Ш. Айтматов туралы алдын ала дайындап келген материалдарын тыңдау.
Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр топқа бөліктерін үлестіру.
Мәтін бойынша сұрақтар
Әр оқушыға сұрақ қойылып, толық жауап алынады. Талқылауда мәтіннің идеясы мен кейіпкердің ішкі күйі ерекше назарға алынады.
- Әкесін кинодан көргенде Әуелбек неше жаста болды?
- Шешесі Жиһангүл қайда және кім болып жұмыс істейді?
- Қашардағы адамдарға қандай хабар келді?
- Кино не туралы? Ол Әуелбекке қалай әсер етті?
- Киноны көргеннен кейін Әуелбектің жағдайын әңгімеле.
- Адамдар Әуелбекті қалай қабылдады?
- Әңгімедегі автордың негізгі ойы қандай?
Автор туралы мәлімет
Мекеме
Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беретін орта мектеп КММ
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Тлеубаева Гүлзия
Материал
Ш. Айтматов: «Атадан қалған тұяқ» (жүктеу).