Үнді биі, орындайтын
Салтанатты бөлім
Құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер және ересектер тобының бүлдіршіндері! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бірлік пен береке тілеймін.
«Әрқашан күн сөнбесін» атты ертеңгілігімізді ашу үшін балабақша меңгерушісі Ұ. Әшірбековаға сөз беріледі.
Көктем туралы кіріспе
Балалар, қараңдаршы, өздерің де құлпырып кетіпсіңдер.
Бүгін бәрі жайнап тұр, өйткені бұл — 1 мамыр, көктем мерекесі.
Мамыр — жастық мерекесі, мамыр — достық мерекесі.
Шалқыған берекесі, мамыр — еңбек мерекесі.
Қаулайды жапырақтар, жайнайды кең өлкесі —
Мамыр — көктем мерекесі.
Хор
«Әрқашан күн сөнбесін»
Бірлік пен бейбітшілікке арналған ән.
Балалардың өлеңдері
Төменде ертеңгілікте оқылған өлең жолдары ретімен берілді. Әр бала көктемнің көркін, гүлдің нәзіктігін, Отанның кеңдігін және достықтың мәнін жырлайды.
Тахмина
Көк көйлегін киді жер,
Шешіп ақ қар ішігін.
Емірене сүйді жел
Тал-теректің бүршігін.
Ж. Мерей
Алақай-ау, балалар,
Қандай жақсы көктемгі ай!
Гүлге оранды кең дала,
Келді ауылға көк торғай.
Динара
Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын.
Нұрсәуле
Қараторғай келіпті,
Үйшік жасап берейін.
Алғашқы гүл көрікті —
Бәйшешекті терейін.
Бейбарыс
Алғаш рет күркіреп,
Ағыл-тегіл жауса күн,
Қырға шығар дүркіреп —
Көктем басы жауқазын.
Дильназ
Көктемде көңілді,
Құстар келіп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік ауылға.
Расул
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Гүлсая
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып жайқалған.
Ақнұр
О, Алланың әмірі!
Тағы келді мамырым.
Жақсылықтан нәр алған
Мамырымның тамыры.
Аяжан
Сәуір ептеп ығысып,
Шыға келді күн ысып.
Сыбырлайды жапырақ,
Бір-бірімен ұғысып.
Дамир
Гүлге толы кең жазық,
Күйге толы жота-құм.
Жан тербеген нәзік жел —
Осы менің Отаным!
Еңлік
Жасыл көктем шағындай —
Өмірімнің асқары.
Көңілдердің асқары —
Біздің ауыл аспаны.
Қ. Мерей
Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым.
Бар адамға шуақты —
Осы менің Отаным!
Мағауия
Гүлге толып кең дала,
Жұпар шашып көктемде.
Тербеледі жай ғана,
Самал өбіп өткенде.
Нұрдәулет
Көк шалғынды кешеміз,
Қолымызға гүл ұстап.
Туған жерде өсеміз,
Таза ауамен тыныстап.
Ернұр
Көктемде көңілді —
Бақта да, бауда да.
Ақ гүлдер өрілді
Біз еккен ауылда.
Концерттік бағдарлама
Ертеңгілік мазмұны ән мен биді үйлестіріп, әр халықтың мәдени өрнегін балалардың орындауында көрсетті.
-
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
№1 -
Қазақ биі: «Қамажай»
№2Орындайтын: Зейнелбай, Аяжан
-
Ән: «Ақ көгершін»
№3 -
Үнді биі
№4Орындайтын: Қожахмет, Тахмина
-
Грузин биі
№5Орындайтындар: Өмірбек — Бейбарыс, Шүкірәлі — Ақнұр, Мергенбай — Расул, Бейбіт — Нұрсәуле
-
Орыс биі
№6Орындайтындар: Сәндібек, Гүлсая, Сейітислам, Дильназ, Жылқайдар, Мерей, Қыстау, Мерей
-
Хор: «Бақытты балалық шақ»
№7
Қорытынды
Осымен 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!
Бата
Ақ жаулықты әжелерімізден бата сұрау рәсімі.