Әліппе досымыз
«Қош бол, сүйікті Әліппем» (1-сынып)
Бұл мереке — баланың білім жолындағы ең алғашқы биік белесінің бірі. Әліппемен қоштасу арқылы оқушылардың жарты жылда меңгерген дағдылары сараланып, ата-аналарға нәтижесі іс жүзінде көрсетіледі.
Мақсаты
- 1) Сауат ашу барысында алған білімді тиянақтау; әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
- 2) Ата-аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.
- 3) Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға; ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Барысы
Мұғалімнің сөзі
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн — Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы — Әліппемен қоштасу. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілеймін. Енді осы жарты жыл ішінде оқып-үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен, «Қош бол, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Сұрақ-жауап
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айтуды.
Қандай ертегі білеміз?
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Кештің өзегі
Ертегі желісі арқылы балалар тапсырмалар орындап, бір-біріне көмектеседі. Бұл бөлімде оқу, сөйлеу мәдениеті, сахналық әрекет пен бірлескен жұмыс дағдылары көрінеді.
Ертегі: «Мақта қыз бен мысық» (қысқаша қойылым)
Ерте-ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Мақта қыз: «Келмесең келме!» — деп мейізді өзі жеп қояды. Біраздан соң мысық келіп: «Неге шақырдың?» — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды.
Сонда мысық: «Ендеше қатығыңды төгемін!» — дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын!» — дейді. Мысық қатықты төгеді, ал Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық: «Апа, апа, құйрығымды берші», — дейді. Мақта қыз: «Менің қатығымды төле!» — дейді.
Балалар, мысықтың қатық табуына көмектесейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындайық!
1-тапсырма: Сиырдың шарты
Мысық: «Сиыр-сиыр, маған қатық берші», — дейді.
Сиыр: «Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп бер», — дейді.
Мысық: «Жапырақты қайдан табам?»
Сиыр: «Маған тақпақтар айтып берсең, жауабын өзің-ақ білесің», — дейді.
1-оқушы: Елдос
Көз салып қараңызшы бойымызға, ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
2-оқушы: Олжас
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға.
3-оқушы: Нұрым
Армысыздар, аналар! Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар, бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ бүгінгі жыр-әніміз!
4-оқушы: Ибрахимжан
Таныстырар әріппен — мынау кітап, Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның, басталған қай әріптен?
5-оқушы: Гүлвира
Таныстырған 42 әріппен, қош бол, менің сүйікті Әліппем!
6-оқушы: Шахар
Сенің арқаң оқи-жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Хор
«Әліппе әні» орындалады.
Қорытынды сұрақ
Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге кім үйретті?
Хормен: «Әліппе — досымыз!»
Мұғалім: Иә, ендеше сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.
Хормен: «Әліппе, Әліппе, Әліппе!»
Кейіпкер: Әліппе
Армысыздар, жас достар! Армысыздар, ата-ана! Болашаққа жол ашар Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның Әліппесін меңгерген. Келешегі қазақтың басталады сендерден.
Жақсы білім — көрімдік, болсын сізге, халайық. Не үйрендік, не білдік — қане, ортаға салайық!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №62 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі — Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы