Бүгінгі сабақта мен қалай жауап берем деген ойдасыңдар
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №4 орта мектебі
Математика пәні мұғалімі: Тампилова Жайнагүл
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектерге амалдарды қолдану есептерін шығару
Сабақтың мақсаты
Ондық бөлшектерді бөлу амалы бойынша білімдерін пысықтау және жүйелеу.
Міндеттері
- Тақырып бойынша білім, білік, дағдыларды жетілдіру.
- Ой-өрісті кеңейтіп, көру және есту арқылы қабылдауын, танымдық қабілетін және белсенділігін дамыту.
- Есепті талдап, қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыра отырып, математикалық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ формалары
Жеке, жұптық, топтық.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, жартылай ізденушілік, бірін-бірі тексеру, деңгейлік оқыту.
Құралдар мен көрнекілік
Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, жетондар, АКТ, саралап оқыту технологиясы.
Оқу-әдістемелік негіз
Т. А. Алдамұратова, Е. С. Байшоланов. Математика. 5 класс. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2015.
Сабақ жоспары
Сабақ құрылымы оқу әрекеттерін кезектестіре отырып, қайталау, бекіту және бағалауды қамтиды.
-
1
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
-
2
Үй тапсырмасын қайталау: «Үлкен шеңбер»
«Қарлы кесек» ойыны арқылы өткен тақырыптардан сұрақ қойып, жауап беру.
-
3
Графикалық диктант
Мәлімдемелерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.
-
4
Жұптық жұмыс: «Қатесін тап»
Берілген амалдардағы қателерді анықтап, дұрыс шешімін ұсыну.
-
5
Сергіту сәті
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған қысқа сұрақ.
-
6
Ұжымдық жұмыс: блиц-тест
Жылдам тапсырмалар арқылы білімді тексеру.
-
7
Логикалық сұрақтар
Ойлау икемін дамытуға арналған тапсырмалар.
-
8
Оқулықпен жұмыс
№1072 есеп.
-
9
Үй тапсырмасы
Деңгейлік тапсырмалар.
-
10
Шығармашылық тапсырма
«Қазақстаным», «Наурыз», «Мектебім» тақырыптарына оқушы қиялымен сурет салып, әңгімелеп, презентация қорғау.
-
11
Қорытынды
Сабақ нәтижесін жинақтау.
-
12
Бағалау және кері байланыс
Оқушы жетістігін бағалау, кері байланыс алу.
Сабақтың барысы
Төмендегі бөлімдер сабақтағы әрекеттерді нақты қадамдармен ұйымдастыруға арналған.
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Психологиялық дайындық: басымызды төмен түсіреміз — «Көз алдарыңа не елестеді?»
- Басымызды шамалы көтереміз — «Апай бізге қандай тапсырма береді екен?»
- Басымызды жоғары көтереміз — «Менде бәрі жақсы. Бүгінгі сабақта өз білімімді жоғары деңгейде көрсете аламын».
Мұғалімнің тілегі: бүгінгі сабақта баршаңызға сәттілік пен жетістік тілеймін.
2) Үй тапсырмасын қайталау: «Қарлы кесек»
Оқушылар үлкен шеңбер жасап, бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды және жауап береді.
3) Графикалық диктант (иә/жоқ)
- 1. Ондық бөлшектерді қосып және азайтқанда, бүтін бөлік бүтін бөліктің астына жазылады.
- 2. 10, 100, 1000 разряд бірліктеріне көбейткенде, үтірді солға жылжыту керек.
- 3. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыру — санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп аталады.
- 4. Ондық бөлшекті 10-ға бөлгенде, үтір оңға жылжытылады.
- 5. Бөлу арқылы берілген жай бөлшекке тең ондық бөлшек алынады.
- 6. Берілген ондық бөлшекті 1 санына көбейтсек, сол санның өзі шығады.
- 7. Алымы мен бөлімі тең бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
4) Жұптық жұмыс: «Қатесін тап»
Төмендегі жазбалардағы қателерді тауып, дұрыс нұсқасын жазыңдар:
A) 34 + 26 = 6
Б) 61 − 4,3 = 567
В) 28 × 10 = 28
Г) 219 : 100 = 0,219
5) Сергіту сәті (ой қозғау)
Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған сұрақ: Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш пайда болады?
6) Ұжымдық жұмыс: блиц-тест
Тест тапсырмаларын орындаңдар (бір жауапты таңдаңдар):
1) Қосуды орында: 9,07 + 3,23
- A) 12,3
- Б) 123
- В) 1,23
- Г) 41,37
2) Теңдеуді шешіңдер: x − 12 = 3,07
- A) 13
- Б) 8,3
- В) 125
- Г) 15,07
3) Көбейтуді орындаңдар: 3,75 × 1,2
- A) 13
- Б) 8,3
- В) 4,5
- Г) 4,05
4) Амалды орындаңдар: 46,75 : 25 × 3,8 − 0,106
- A) 13
- Б) 7
- В) 7,5
- Г) 7,1
7) Логикалық сұрақтар
- Барлық цифрлардың көбейтіндісі нешеге тең?
- Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады?
- 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойсақ, 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады?
- Бір таяқшаның екі ұшы бар, ал үш таяқшаның 6 ұшы бар. Төрт жарым таяқшаның неше ұшы бар?
- Үстел төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрышы қалады?
8) Оқулықпен жұмыс
Есеп: №1072.
9) Үй тапсырмасы: деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
(31,2 − 27,64) × 2,05 + 0,702
Өрнектің мәнін табыңдар.
2-деңгей
y + 0,792 = 8,7 × 2,16
Теңдеуді шешіңдер.
3-деңгей
Тіктөртбұрыштың ауданы 44,8 см². Ені 4 см. Периметрін табыңдар.
10) Шығармашылық жұмыс
«Қазақстаным», «Наурыз», «Мектебім» тақырыптарының бірін таңдап:
- оқушы қиялымен сурет салу;
- сурет бойынша қысқаша әңгімелеу;
- презентация дайындап, қорғау.
11) Қорытынды
Орындалған тапсырмалар бойынша негізгі ұғымдарды жинақтау, қиындықтарды талдау.
12) Кері байланыс
Оқушылар сабақтағы өз жұмысына қысқаша рефлексия жасайды: не түсінікті болды, не қиындық тудырды, келесі сабаққа қандай мақсат қояды.