Сіздерге қонаққа келген мырза күзбін

Берекелі, Алтын күз!

Бұл мерекелік шараның мақсаты — балаларды күз мезгілімен кеңінен таныстыру және осы мезгілде атап өтілетін мерекелер туралы түсінік беру.

Күз мезгілі Мерекелік бағдарлама Өлең • Ән • Би

Көрнекілік және безендіру

  • Зал іші күз мерекесіне сай безендірілген.
  • Жапырақтар суреттері мен күз түстерін айқындайтын көркем элементтер қолданылған.
  • «Күз сыйы» көрмесі ұйымдастырылған.

Жүргізушінің құттықтауы

Армысыздар, ардақты қонақтар мен ата-аналар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі Алтын күз құтты болсын!

Тілегім — аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі.

Молшылықтың жаршысы бола білген

Алтын күз — береке, ырыс ала келді.

Уа, халайық, халайық, мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған — кешімізді бастайық.

Балалармен сұрақ-жауап

Жүргізуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар

Күз мезгілі.

Жүргізуші

Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар

Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша.

Жүргізуші

Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

Балалар

Күн салқындайды, адамдар жылы киінеді, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды.

Күз ханшайымын қарсы алу

Күз келіп, күзгі ханшайым,

Өткізді күзгі бал айын.

Барша жұртты шақырады,

Би билеп, ән айтып,

Қуаныштан шалқиды.

Жүргізуші

Балалар, бізге қонаққа Күз ханшайымы келеді. Қане, бәріміз бірге қарсы алайық!

Күз ханшайымы

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен — Алтын күзбін! Жайдарлы, жарқын күзбін. Сіздерге қонаққа келген мырза күзбін!

Жүргізуші: Күз ханшайымы, қош келдіңіз! Төрлетіңіз. Біздің балаларымыздың сізге арнаған өнерлері көп. Соны бірге тамашалайық.

Өлеңдер мен хор

Гүлжан

Алтын, сары, қызыл, көк —

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Өлең: «Көңілді жаңбыр»

Орындаушылар: хор.

Жүргізуші: Кел, балалар, келіңдер, ертеңгілікті көріңдер. Томсырайып тұрмаңдар, тақпақ айтып жырлаңдар.

Күз сыйы: жемістер шеруі

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға шақырады біздерді. Ендеше, ортаға жемістерді шақырайық.

Ақнұр

Жапырақты тасалап, өсетін жері — бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, оның аты — құлпынай.

Райанна

Пісетін кезі дәл күзде, мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі, оның аты — шабдалы.

Аяулым

Тіл үйірілген алмұртпын, таңсығымын бар жұрттың. Жақсы өсіре алмайды, қараса егер салғырт кім.

Айзере

Бір сабақта көп түйме, жей алмайсың көк күйде. Санап қара қанша — оның аты шие.

Аделя

Мен — өрікпін, ірімін, алма-алмұртқа ірімін.

Жүргізуші: Көрдіңіз бе, Күз ханшайымы! Балалар сізге арнап қандай әдемі тақпақтар айтты. Рахмет, балалар!

Ән салыңдар, күліңдер, гүлдей болып жүріңдер. Алтын күзді тойлайық, би билейік, ойнайық!

Би нөмірі

Ортаға мың бұрала билеген қыздардың биін тамашалайық.

Шара туралы мәлімет

Өңір
Атырау облысы
Аудан
Жылыой ауданы
Қала
Құлсары қаласы
Мекеме
«Өркен-2» ясли-бақшасы
Тәрбиеші
Жанузакова Саним Жұмабаевна