Еркін жазу стратегиясы
Сабақ тақырыбы
Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Сабақтың мақсаты
- «Жанартау» және «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру.
- Жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуымен байланысын түсіндіру.
- Жанартау әрекетінің литосфераға, гидросфераға және атмосфераның қалыптасуына әсері туралы білім беру.
- Жанартаудың табиғи апат екені жөнінде экологиялық түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық және тәрбиелік мәні
- Ойлау қабілетін дамыту, жаңалықты тез қабылдауға бағыттау.
- Өздігінен білім ізденуге ынталандыру.
- Ойлау, сөйлеу және қабылдау мәдениетін қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Карта, жанартаудың құрылысы (сызба/модель), компьютер, графопроектор, слайд арқылы дайындалған суреттер.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақ әдісі
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін қолдану.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
§20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкінісі
1) «Ой шақыру» стратегиясы
Оқушыларға 2 минут уақыт беріледі. Дәптерлеріне тақырып бойынша білетін терминдерін жазады.
2) «Топтастыру» стратегиясы
Сыныпты топқа бөлу үшін «Эпицентр», «Ошақ», «Сейсмограф» жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар атауларына қарай 3 топқа бөлінеді және әр топ өз ішінен топбасшыны сайлайды.
3) «Қызығушылықты ояту»
а) Координаталарды анықтау тапсырмасы
- Рим — 42° с. е., 12° ш. б.
- Токио — 36° с. е., 139° ш. б.
- Анкара — 40° с. е., 34° ш. б.
ә) Топ атауын қорғау
Әр топтан бір оқушы шығып, өз тобының атауын қысқаша таныстырады.
4) «Зерделеу» стратегиясы
Көрсетілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру:
- Жер шарының ішкі құрылысын атаңыз.
- Мантияның қалыңдығы шамамен қанша?
- Ядро неден тұрады?
- Жер қыртысын түзетін тау жыныстарын атаңыз.
- Жер сілкінісінің күші немен өлшенеді?
- Жер шарында қандай жер сілкінісі белдеулері бар?
5) «Еске түсіру» стратегиясы
Берілген жылдардағы оқиғаларды анықтап, картадан көрсету. Табиғи апаттар туралы қысқаша түсіндіріп өту:
III. Жаңа сабақ: жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
6) «Ой толғаныс» стратегиясы
- «Жанартау», «гейзер» сөздерінен кейін оқушылардың пікірін тыңдау.
- Ой қозғау үшін жанартау мен гейзердің суреттерін көрсету, кейін пікірлерін талқылау.
7) «Мағынаны тану» стратегиясы
- Суреттер арқылы жанартаулар мен гейзерлердің құрылысын таныстыру.
- Тақырып бойынша таратпа материал беріп, 5 минут оқуға уақыт бөлу.
8) «Еркін жазу» стратегиясы
Оқушылар тыңдаған, көрген және талқылаған мәліметтер негізінде дәптерге өз ойларын жазады. 1–2 оқушы жазғанын оқып береді.
9) Қорытындылау
- Мұғалімнің жаңа тақырыпты жинақтап түсіндіруі.
- Жанартауларды зерттеудің маңызын түсіндіру.
- Жанартаулардан туындайтын табиғи апаттар туралы мәлімет беру.
- Картадағы жанартауды белгілеу шартын таныстыру және негізгі жанартауларды картадан көрсету.
Үй тапсырмасы, бағалау және бекіту
Үйге тапсырма
§21. Кракатау және Ключи шоқысы жанартауларының координаталарын анықтау.
Бағалау
Оқушыларды таратылған парақшалар арқылы бағалау. Парақшаларды санау арқылы топтардың қорытынды нәтижесін анықтау.
Сабақты бекіту: сөздікпен жұмыс
- Кратер
- Грек тілінен: «тостаған».
- Гейзер
- Исланд тілінен: «лақ ете түсу» (атқылап шығу).
Сабақты бекіту: кескін картамен жұмыс
Кескін картаға жанартауларды белгілеу ережесін түсіндіру және мысалдар арқылы бекіту:
- Котопахи
- Ключи шоқысы
- Кракатау
- Везувий
- Килиманджаро
- т.б.