Тәмпіш қара, тапсырмасы
С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінен үзіндіге арналған сабақ жоспары
Бұл материал С.Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінен алынған үзінді бойынша жүргізілетін аралас сабаққа арналған. Негізгі назар — мәтінді түсініп оқу, жоспар құру, кейіпкерді талдау және шығарманы өмірмен байланыстыра білу дағдыларын дамыту.
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, топтастыру, ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түртіп алу
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі, ән
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру.
- Повестен үзіндіні оқып, жоспар құруға дағдыландыру.
- Жоспар бойынша түсінік айту және өз сөзімен жеткізе білу қабілетін арттыру.
Тәрбиелік
- Кейіпкерлер бойындағы жағымды қасиеттерді үлгі ету.
- Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, достық пен татулыққа тәрбиелеу.
- Өнерді және еңбекті сүюге баулу, жаман қылықтан аулақ болуға үйрету.
Дамытушылық
- Көркем шығарманы талдау, мінездеме беру дағдысын дамыту.
- Қазіргі өмірмен байланыстыру, салыстыру қабілетін жетілдіру.
- Шығармашылық ойлау, қиялдау, сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер мен дайындық
Көрнекілігі
- Жазушы портреті
- Слайд
- Үлестірмелі кеспе қағаздар
- A3 қағазы
- Түрлі-түсті қаламдар және т.б.
Алдын ала жұмыс
Мәтінмен алдын ала танысу, үзіндіні оқып келу.
Сабақ барысы
1-басқыш: Ұйымдастыру
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 1, 2, 3 деп санау арқылы сыныпты үш топқа бөлу.
2-басқыш: Мұғалімнің әрекеті — жазушымен танысу
Слайд арқылы жазушының өмірі мен қызметі туралы қысқаша мәлімет беріледі. С.Сарғасқаев — қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі.
3-басқыш: «Тәмпіш қара» кейіпкерімен таныстыру
Үзінді бойынша кейіпкер бейнесі ашылады, негізгі оқиғаларға бағдар беріледі.
4-басқыш: Оқушылардың әрекеті — жоспармен жұмыс
Жоспар оқылады, топтар кезектесіп бөлімдерді түсіндіріп шығады.
Жоспар бөлімдері
- Сұлутөр ауылы
- Қырмандағы жаңалық
- Су жағасындағы шатақ
- Әдепті бала
1-топ
«Су жағасындағы шатақ» бөлімін түсіндіреді.
2-топ
«Әдепті бала» бөлімін түсіндіреді.
3-топ
Жалпы мазмұнды толықтырып, бөлімдер арасындағы байланысын қорытындылайды.
5-басқыш: Топтық тапсырмалар (кеспе қағаздар)
Жұмыс «Тәмпіш қара» кітабының макеті арқылы ұйымдастырылады: ішінде 12 тапсырма жазылған 12 «кітапша». Мұғалім тапсырмаларды слайд арқылы таныстырады.
1-кітапша: «Тәмпіш қара»
Повестің «Тәмпіш қара» деп аталу себебін түсіндір.
2-кітапша: «Мағынаны ажырат»
«Қырман», «пионер», «колхоз» сөздерінің мағынасын түсіндір.
3-кітапша: «Қызыл галстук»
Ол кезде оқушылар неге қызыл галстук таққан? Қазір көк галстук тағудың себебі неде?
4-кітапша: «Көшбасшы»
Тәмпіш қара ауыл балаларының өмірін өзгертті. Оның өзгелерден артықшылығы неде? Кітап атауын басшылыққа ал.
5-кітапша: «Мінездеме»
Тәмпіш қара мен Шаншатайға мінездеме бер (мәтінге сүйен).
6-кітапша: «Қасиет»
Тәмпіш қараның бойындағы қасиеттерді топтастыр.
7-кітапша: «Үйретуші»
Шаншатайдың орнында болсаң, балаларға қандай өлең үйретер едің? Әннің бір шумағын орында.
8-кітапша: «Есебін шығар»
Кейіпкерлер өсе келе Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазіргі уақытта олар неше жаста болуы мүмкін?
9-кітапша: «Сөз өнері»
Тәмпіш қараның орнында болсаң, балаларға нені үйретер едің? Неліктен?
10-кітапша: «Ертай»
Ертайға мінездеме бер.
11-кітапша: «Салыстыр»
Жазушының балалық шағы мен өз балалық шағыңды салыстыр.
12-кітапша: «Бізге үлгі»
Басты кейіпкердің бойынан өзіңе үлгі боларлық қасиеттерді тап. Шаншатайға қызығасың ба? Неліктен?
Тапсырмаларға нақты жауап алынғаннан кейін, оқушылар үзіндінің тақырыбы мен идеялық мазмұнын ашады.
6-басқыш: Қорытынды
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде әр топ өз қорытындысын ұсынады.
1-топ: Тақырыбы
Ауыл балаларының өмірі, ауыл тынысы.
2-топ: Идеясы мен тәлімі
Адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, білім үйренуге, еңбексүйгіштікке, жақсыдан үйренуге баулу.
3-топ: Нақыл сөздер
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- Өнерлі өрге жүзеді.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
7-басқыш: Бекіту
«Түртіп алу» кестесі арқылы рефлексия жүргізіледі:
| Белгі | Мағынасы |
|---|---|
| V | Білемін |
| + | Білмеймін |
| ? | Білгім келеді |
8-басқыш: Бағалау
- 1-топ 2-топты бағалайды.
- 2-топ 3-топты бағалайды.
- 3-топ 1-топты бағалайды.
9-басқыш: Үй тапсырмасы
- «Үлгілі оқушы келбеті» тақырыбында эссе жазу.
- Мәтіннен көркем образды сөздерді және мақал-мәтелдерді тауып, дәптерге жазып келу.