Көтерілістің жетекшілеріне сипаттама
Сабақтың тақырыбы
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар (11-сынып).
Мақсаты (білімділік)
XVIII–XIX ғасырлардың екінші жартысындағы ұлт-азаттық күресте ел үшін жанын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін таныту, тарихи мәнін ашу.
Мақсаты (дамытушылық)
Оқушылардың ой қозғау, есте сақтау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамыту; топтық жұмыс арқылы ізденіс пен шығармашылық қабілетін ашу.
Мақсаты (тәрбиелік)
Оқушыларды өз пікірін сауатты жеткізуге үйрету; патриотизмге, бірлікке, мәдениеттілікке, ержандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- ОСКТ технологиясы бойынша интерактивті тақтамен жұмыс
- Топтық жұмыс
- Хронологиямен жұмыс
- Картамен жұмыс
- Сызбамен жұмыс
Құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы (қысқаша)
- 1 Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.
- 2 Хронологиямен жұмыс.
- 3 Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың жоспары
«Суреттер сөйлейді…»
Көтеріліс жетекшілеріне сипаттама беру.
«Сандар сөйлейді…»
Көтерілістің алғышарттары, сипаты мен себептері, қозғаушы күштері және мақсаты.
«Шарықтау…»
Көтерілістің басты оқиғалары.
«Құлдырау…»
Көтерілістің жеңілу себептері.
«Қорытынды…»
«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы негізгі ойларды жинақтау, еске түсіру және қорытынды пікір айту.
Тарихи ой-толғаныс
Еске түсіп, езіліп отыр ішім,
Тарих қойны қан мен жас — өкінішім.
Таулар шөгіп, батырлар шейіт болған,
Тәуелсіздік таңы атсын деп, күрес үшін.
Атырау мен Алтай, Арқа аралығында халқымыздың басына түскен қасіреттерді жоққа шығару мүмкін емес. Әсіресе XVIII–XIX ғасырларда тәуелсіздік үшін күрескен Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет батырлардың өмірі, өнегелі істері мен қаһарман ерліктерін жас ұрпаққа таныту — бүгінгі күннің талабы.
Автор туралы мәлімет
- Пән
- Қазақстан тарихы
- Мұғалім
- Уалихан Ә. У.