Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Сабақтың негізгі мақсаты — балаларды «Ұ» дыбысы және әрпімен таныстыру, жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. «Ұ» дыбысы кездесетін сөздер мен сөйлемдер құрастыруға жетелеп, оларға дыбыстық талдау жасай білуге үйрету көзделеді.

Сонымен бірге ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру, «Ұ» әрпі арқылы сөздер құрастырып, ойларын жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру жоспарланады. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорын және танымдық дағдыларын дамытуға басымдық беріледі.

Негізгі акцент

  • «Ұ» — жуан дауысты дыбыс.
  • Сөздің басында және ортасында кездеседі.
  • Сөздің соңында кездеспейді.

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық: психологиялық дайындық

Тақпақ

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз — тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Ұйымдастыру-іздестіру: өткен сабақты қайталау

Сұрақтар

  • Өткен оқу іс-әрекетінде қандай әріппен таныстық?
  • Ол қандай дыбыс? Қандай текшемен белгіленеді?
  • Тақтадағы сөздерді буындап оқып шығу.

Оқу үшін сөздер

Жа — нар
Жай — лау
Жас — тық
Жа — пы — рақ

Тапсырма

Кеспе әріптерді пайдаланып «жаға» сөзін құрастыру және дыбыстық талдау жасау. Бір бала тақтада орындайды.

Жаңа тақырып: «Ұ» дыбысы мен әрпі

Кіріспе

Бүгін біз сиқырлы әріптер әлемін әрі қарай жалғастырып, жаңа дыбыспен танысамыз. Ол үшін жұмбақ тыңдайық.

Жұмбақ

Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар — қақпайды,

Жүрсе де сондай биікте.

Талдың басында,

Жемі бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.

Жауабы табылғаннан кейін тәрбиеші балаларға: «ұшақ», «ұя» сөздерін айтқызып, сөз басында естілетін дыбысты анықтатқызады.

Әріп туралы түсінік

Бүгін танысатын әрпіміз — «Ұ». Дыбысталуына мән берейік: ұ-ұ-ұ. Дыбысты созып, әндетіп айтуға болатынына назар аударып, оның дауысты дыбыс екенін анықтаймыз.

Дыбыс түрі

Жуан дауысты

Кездесуі

Басында, ортасында

Кездеспеуі

Сөз соңында

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

«Ұ» дыбысы кездесетін сөздерді жылдам ойлап айту.

Бейнематериал

Бейнематериалдан «Ұ» дыбысы бар сөздерді тыңдап, қайталау.

Дыбыстық талдау

құ — дық
ұ — лу
бұ — зау

Әріп таңбасын жазу

Тәрбиеші «Ұ» әрпінің таңбасын тақтаға жазып көрсетеді, кейін ауада жаздыру арқылы қимыл-қозғалыспен бекітеді.

Дәптермен жұмыс

Әріп элементтерін дұрыс бағытта, біркелкі өлшеммен жазу; жоларалық қашықтықты сақтауға назар аударту.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.

Сөздерді оқу (тіл ұстарту жаттығуы)

Нұ — нұ — нұр

Бұ — бұ — бұр

Құ — құ — құр

Сұ — сұ — сұр

Құ — лан

Бұ — лан

Ұ — лу

Сұ — лу

Ойын: «Сиқырлы ұяшықтар»

Суреттер бойынша дәптердегі ұяшықтарға сөздерді жазу. Берілген сызбаға сүйеніп сөйлем құрастыру.

Жеке жұмыс

Карточка арқылы деңгейлік тапсырмалар беру: «Ұ» дыбысы бар сөздерді табу, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөз құрастыру.

Қосымша материалдар

  • Сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеу.
  • Слайдты жүктеу.