Қазақ хандығының негізін қалаған кім

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№3 орта мектеп • Тарих пәні

Мұғалім: Сулейменова Мөлдір Болатбекқызы

7-сынып Ашық сабақ Топпен жұмыс Жаңа тақырып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Бұл сабақ Қазақ хандығының құрылу алғышарттарын, тарихи жағдайын және алғашқы дербес мемлекеттің қалыптасу үдерісін түсіндіруге бағытталған. Оқу мазмұны оқушылардың талдау қабілетін арттырып, тарихи тұлғалардың еңбегін бағалау арқылы патриоттық тәрбие беруді көздейді.

Мақсаттар

  • Қазақ хандығының құрылу процесін талдау және алғашқы дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын айқындау.
  • Оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған тұлғалардың еңбегін бағалап, Отанды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдістер
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік
Слайд, кластер
Бағалау
Бағалау парағы, кері байланыс

Ұйымдастыру және психологиялық ахуал

Қызығушылықты ояту (поэзиялық кіріспе)

Текке кетпес күндігіңде әр ісің,
Тәңір қолдап биіктесін, әлдісің.
Бес жүз елу – Хандығына жыл толды,
Бар әлемге жар саласын, бәрі шын.

Әр хандықтың орны бөлек – билік те,
Өз ішінен туды талай бүлік те.
Құлатпады жоғары ұстап ұлт рухын,
Құлатпады мәртебесі биікте.

Негізгі ұғымдар (сөздердің мағынасы)

Қазақ

этноним

Сібір тайпалары тілдерінде «мықты», «берік», «алып» деген мағына берген.

Сұлтан

лауазым

Әмірші, билеуші.

Моғолстан

мемлекет

Шағатай ұлысының негізінде пайда болған мемлекет.

Әбілқайыр хандығы

XV ғ. басы

Ақ Орда әлсіреп, ыдырағаннан кейін Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр хан билік құрған мемлекет.

Тарихи негіздеме: Қазақ хандығының пайда болуы

Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан жеріндегі XIV–XV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси үдерістерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылысы, осы негізде Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың күшеюі және ішкі қайшылықтардың тереңдеуі XV ғасырдың екінші жартысында бұл мемлекеттердің әлсіреп, ыдырауына алып келді.

1457 жылғы жеңіліс

Әбілқайыр хан Түркістан өңірінде Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп, ауыр шартқа көнді. Бұл оқиға хандық ішіндегі беделдің төмендеуіне әсер етті.

Көші-қон және жаңа саяси бағыт

Қатал тәртіп пен алым-салықтың күшеюі халық наразылығын арттырды. Нәтижесінде Шығыс Дешті Қыпшақтан бір бөлігі Түркістан алқаптарына, Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне қоныс аударып, көшті Жәнібек пен Керей басқарды.

Қазақ хандығының құрылуына түрткі болған маңызды жағдайлардың бірі — Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі. Бұл оқиға руаралық шиеленісті күшейтіп, саяси тұрақсыздықты үдете түсті.

Қазақ хандығының құрылу себептері

Ішкі саяси дағдарыс

  • Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі.
  • Әбілқайыр хандығындағы ру-тайпалардың саяси жағдайының шиеленісуі.
  • Алым-салықтың көбеюі.

Сыртқы факторлар және одақ

  • Әбілқайырдың ойраттардан соғыста жеңілуі.
  • Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құруға ұмтылысы.
  • Моғолстан билеушісі мен қазақ сұлтандарының келісімге келуі.

Сараптау сұрағы (Fishbone/«Балық қаңқасы»)

Проблемалық сұрақ

Неліктен Есенбұға хан Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алды?

Мүдде

Шекаралық қауіпсіздікті күшейту және саяси тірек қалыптастыру.

Саясат

Әбілқайыр ықпалына қарсы тепе-теңдік орнату.

Нәтиже

Жетісуда қазақтардың дербес саяси бірлігі қалыптаса бастады.

Бекіту: тарихи оқиға туралы негізгі тұжырымдар

  1. 1.Мемлекеттің билеуші әулеті — Шыңғыс ханның немересі Жошы хан ұрпақтары.
  2. 2.Қазақстан жерінде жергілікті этникалық негізде пайда болған алғашқы ірі мемлекет.
  3. 3.Түркі тілдес тайпалар қоныстанған кең аймақты біріктірді.
  4. 4.Екі ғасырға жуық өмір сүрген тарихи мемлекет.
  5. 5.Құрылуына Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың күшеюі әсер етті.
  6. 6.Территориясы батыста Жайық (Орал) өзені бойына дейін жетті.
  7. 7.Негізгі қарсыластарының қатарында Шайх Хайдар, Мұхамед Шайбани және Махмұд сұлтан аталады.
  8. 8.Мұхамед Хайдар Дулати хандықтың құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465–1466) жатқызады.

Қорытынды ой

Біз үшін қай кезеңнің тарихы болса да қымбат, бабаларымыз қадірлі. Қазақ хандығының құрылуы — тарихымыздағы аса маңызды оқиғалардың бірі, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды» деген ойды басшылыққа ала отырып, тарихты тану — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.