Етістер етістіктерден қалай жасалады, мысал келтір

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Есімшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: есімше, оның жасалуы мен түрлері, ерекшеліктері және сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.
  • Дамытушылық: оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, танымдық белсенділігін арттыру.
  • Тәрбиелік: сауаттылыққа баулу, алған білім негізінде ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың сипаттамасы

Әдісі
сұрақ-жауап, баяндау
Түрі
жаңа тақырыпты меңгерту
Көрнекілігі
сызбалар, қималар, кестелер

Негізгі түйін

Бұл сабақта есімшенің қалай жасалатыны, қайда қолданылатыны және сөйлемдегі қызметі мысалдар арқылы талданып, етістікпен байланысы нақты көрсетіледі.

Есте сақтаңыз

Есімше — түбірі етістіктен болғанымен, сөйлемде бірде етістік, бірде есім қызметін атқара алатын ерекше тұлға.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындап, назарын бір арнаға шоғырландыру үшін ой қозғау сұрақтары ұсынылады.

Сұрақ

Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз қандай?

Оқушылардың ықтимал жауаптары

  • Оқу, білім алу.
  • Тәрбиелі, саналы азамат болу.
  • Еңбек ету.
  • Ел экономикасы мен мәдениетін көтеру.
  • Өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету.

Қорытынды бағыт

Ол үшін үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек. Біз — ата-бабамыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз.

2) Өткен материалды еске түсіру

Тақтада етістіктің мағыналық топтары көрсетілген «Мағыналық белдеулер» сызбасы ілінеді. Әр жаңа тақырып өткен сайын көрсеткіш (стрелка) жылжып отырады. Бұл кезеңде соңғы аяқталған белдеу — етіс тақырыбы еске түсіріледі.

Қимадағы сұрақтар

  1. 1. Етіс дегеніміз не?
  2. 2. Етістің қандай түрлері бар?
  3. 3. Етістер етістіктерден қалай жасалады? Мысал келтір.
  4. 4. Өздік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтір.
  5. 5. Өзгелік етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтір.
  6. 6. Ырықсыз етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтір.
  7. 7. Ортақ етіс нені білдіреді және қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысал келтір.
  8. 8. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады? Мысал келтір.

Жаңа тақырып: Есімше

Мақсат қою кезеңі

Бұл бөлімде сабақ мақсаты нақты көрсетіліп, оқушы қандай білім мен дағдыны меңгеруі тиіс екені айқындалады.

Бүгін нені білуіміз керек?

  • Есімшенің ережесін.
  • Есімшенің жасалу жолдарын.
  • Есімшенің өзіне тән ерекшеліктерін.
  • Есімшенің сөйлемдегі қызметін.

Бүгін нені үйренуіміз керек?

  • Есімшені етістіктің басқа түрлерінен ажырата білу.
  • Есімшенің сөйлемде қай сөйлем мүшесі бола алатынын анықтау.
  • Есімшені дұрыс жасай білу.

Мысалдар арқылы талдау

Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес.
Талдау: жүгірген — түбірі жүгір, жұрнағы -ген. Қимылдың белгісін білдіреді. Жетпес — түбірі жет, болымсыздық жұрнағы -пе, қосымша .
Естіген құлақта жазық жоқ.
Талдау: естіген — түбірі есіт, жұрнағы -ген. Қимылдың сапасын білдіреді.
Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.
Талдау: ойнаған — бастапқы түбірі ойын (зат есім), — етістік тудырушы жұрнақ, -ған — есімше жұрнағы. Озар — түбірі оз, жұрнағы -ар.

Осы мысалдар арқылы оқушылар етістіктерді тауып, түбірі мен қосымшасын ажыратады. Нәтижесінде есімшенің бірнеше маңызды қасиеті анықталып, әрқайсысы жеке қарастырылады.

Есімшенің анықтамасы және ерекшелігі

Есімше — етістіктің ерекше түрі. Түбірі етістіктен болғанымен, сөйлемде бірде етістік, бірде есім қызметін атқара алады.

Есімше заттанып қолданылғанда

  • септеледі,
  • көптеледі,
  • тәуелденеді.

Есімшенің жасалу жолдары

Есімше етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.

1) Өткен шақ есімше

-қан, -кен, -ған, -ген

айт-қан жаз-ған көр-ген кет-кен

2) Болжалды келер шақ

-ар, -ер, -р, -с

айт-ар жаз-ар көр-ер көрме-с

3) Мақсатты келер шақ

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек

айт-пақ жаз-бақ көр-мек сез-бек

4) Ауыспалы келер шақ

-атын, -етін, -йтын, -йтін

бар-атын кел-етін қара-йтын сөйле-йтін

Қорытынды

Есімше жұрнақтары арқылы жасалған тұлғалар мәтінде қимылдың белгісін, сапасын білдіріп, сөйлемде әртүрлі қызмет атқара алады. Осыған байланысты есімше — етістік пен есім сөздердің аралық байланысын танытатын маңызды грамматикалық категория.

Автор туралы мәлімет

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфор ауылы, №10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Тоқтаған Манарбек.